• Басты
  • Е.Жамаубаев: 2019 жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге түсті
12 Маусым, 2020 16:30

Е.Жамаубаев: 2019 жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге түсті

2019 жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге түсті. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрліктің 2019 жылы жүргізген жұмыстарының нәтижелері жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Stategy2050.kz тілшісі.

Е.Жамаубаев: 2019 жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге түсті

Министрдің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор қаражаты шамамен 27,5 трлн теңгені немесе 65,5 млрд долларды құраған.


"Өткен жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар түсімдері есебінен 2,8 трлн теңге түсті. Үкіметтің есептілігі мен ашықтығының басты көрсеткіштерінің бірі Ашық бюджет тұжырымдамасын іске асыру болып табылады. Оны енгізудің мақсаты - азаматтарға бюджет процесімен танысуға және бюджет қаражатының шығыстарын талқылауға қатысуға мүмкіндік беру. «Халықтық қатысу бюджеті» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық бюджетті жасау және ұсыну, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу мәселелері нормативтік реттелген", - деді ол.

Сонымен қатар ол министрліктегі кадрлық өзгерістерге тоқталып өтті. Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, мемлекет басшысының тексеруші және тиімсіз шығыстарды қысқарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2019 жылы Қаржы министрлігінің штат саны 1 815 бірлікке оңтайландырылған және 17 978 бірлікті құрайды.

"Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру шеңберінде Қазынашылық комитеті оған Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетті қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Сондай-ақ ведомстволық бағынышты ұйымдарды оңтайландыру мақсатында Оңалту және активтерді басқару компаниясы Проблемалық кредиттер қорына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды, ал Қаржы академиясы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілді. Сонымен қатар "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесін тиісті саланың уәкілетті органы - Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына беру бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді. 


Сонымен қоса ол бүгінде министрліктің оңтайлы құрылымы орталық аппараттан аумақтық бөлімшелері бар бес ведомстводан  және ведомстволық бағынышты төрт ұйымнан тұратынын атап өтті. Оның сөзінше, министрліктің мақсаттары мен міндеттері экономиканы орнықты дамыту, қазақстандықтардың нақты әл-ауқатын арттыру және цифрландыру бойынша стратегиялық міндеттер мен тапсырмаларды іске асыруға бағытталған.

"Біздің басымдықтарымыз салықтардың жиналуын 2025 жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%-ға дейін ұлғайту, борыштық шектеулерді сақтау, бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және бюджеттік рәсімдерді оңайлату және тағы басқалар болып табылады", - деді министр.


Сонымен бірге Ерұлан Жамаубаев қызметтің негізгі бағыттарына жеке тоқталып өтті. Сондай-ақ ол 2019 жылғы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету шеңберінде бюджеттің барлық деңгейлері бойынша кірістер бойынша жоспарлармен бөлісті.

"2019 жылғы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету шеңберінде бюджеттің барлық деңгейлері бойынша кірістер бойынша жоспарлар: мемлекеттік бюджет – 101,2%-ға, республикалық бюджет – 100,6%-ға және жергілікті бюджеттер – 103%-ға асыра орындалды. Мемлекеттік бюджеттің кірістер 9,7 трлн. теңгені құрады немесе жоспарланғаннан 119 млрд теңгеге артық. Бұл ретте республикалық бюджетке 7,1 трлн теңге түсті, бұл жоспардан 43 млрд. теңгеге артық және 2018 жылға қарағанда 1 трлн.276 млрд теңгеге артық. Кірістердің өсуі - 916 млрд теңгеге салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту және оларды цифрландыру, экономика мен негізгі экспорттық тауарлар бағасының 359 млрд. теңгеге өсуі есебінен қамтамасыз етілді", - деді Ерұлан Жамаубаев.


Оның сөзіне сүйенсек, 2019 жылы республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы 12 трлн 20 млрд теңгені немесе 99,9%-ды құраған.

"8,2 млрд теңге атқарылған жоқ. Оның ішінде 2,9 млрд.теңге – үнемдеу. 5,3 млрд. теңге игерілген жоқ. Игерілмеудің негізгі себептері: бюджеттік бағдарламалар бойынша өтінімдердің болмауы, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, шарттар талаптарының өзгеруі және жұмыс кестесінен қалыс қалу. Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6 трлн 179 млрд теңгеге атқарылды. 2019 жылы өңірлерге 1 трлн. 916 млрдтеңге сомасында қаржылық көмек көрсетілді. Осы қаражат есебінен «Нұрлы жол», «Еңбек», «Ауыл ел бесігі», «Нұрлы жер», агроөнеркәсіп кешенін және өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламалары қаржыландырылды", - деді министр.


Бұдан басқа, оның айтуынша, қаражат азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге және жергілікті бюджеттердің қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге бағытталған.


"Өңірлер бөлінген қаражатты 99,1% игерді, бұл 1 трлн 900 млрд теңгені құрайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімге шаққанда мемлекеттік борыш көлемі лимит 50% болғанда 24%-ды құрады. 2020 жылғы бірінші тоқсанның соңына - 25,5%. 2019 жылы бюджетке борыштық жүктеме 15% лимит кезінде 12,9%-ды құрады. Болжам бойынша 2020 жылы бұл көрсеткіш республикалық бюджет кірістерінің шамамен 13,1%-ын құрайды. Осылайша, мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде ұстау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда", - деді Ерұлан Жамаубаев.



Сонымен қатар ол 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында 100 млн теңгеге 14 жоба бойынша пилот өткізілгенін атап өтті.

"Ағымдағы жылы 600 млн теңгеге жуық сомаға Нұр-Сұлтан қаласында және 1,4 млрд теңгеге Алматы қаласында пилот өткізу көзделген.  Сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесін Ашық бюджеттер порталымен және жеке сектордың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүргізіледі", - деді министр.


Бұдан бөлек ол мемлекеттік сатып алудың барлық процесі автоматтандырылғанын тілге тиек етті.

"Мемлекеттік сатып алу көлемі 3%-ға өсті және 3,9 трлн теңгеден астамын құрады. Соңғы 3 жылда жалпы үнем шамамен 1 трлн теңгеде 2019 жылы 361 млрд теңгенің ең көп үнемделуі тіркелген. Бір көзден сатып алуды қысқартатын және 1 күн ішінде тауарларды бәсекелестік негізде сатып алуға мүмкіндік беретін Электронды дүкен іске қосылады деп күтілуде. Электронды депозитарий құрылады, ол адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді", - деді министр.


Сондай-ақ ол қазынашылық жүйесінде 13 мыңнан астам мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсетілгенін айтып өтті.

"Күн сайын 350 мың транзакция жүргізіледі, ал жылына 11 млн астам қаржы құжаттары өңделеді. Бюджеттің 4-деңгейін енгізу бойынша Ұлт жоспарының 98-ші қадамы орындалды. 2018 жылдан бастап 2020 жыл аралығында 2 350 ауылдық округ қосылды. Бюджеттің 4-ші деңгейі: жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің 4-деңгейіне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, жергілікті атқарушы органдардың қаржылық дербестігін кеңейтуге, жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді", - деді ол.


Сонымен бірге Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік аппарат жұмысын бағалаудың және аудиттің жаңа жүйесін енгізу бойынша Ұлт жоспарының 93-ші қадамы орындалғанын атап өтті.

"Негізгі екпін ақпараттық жүйелерді цифрландыру және интеграциялау арқылы бұзушылықтардың алдын алуға қойылған. Мемлекеттік аудит саласын кезең-кезеңмен дамыту елеулі бұзушылықтарды 4 есеге төмендетіп  қаржы тәртібін арттырды. Тәуекелді басқару жүйесін қолдану жоспарлы тексерістерді 6,5 есеге қысқартты. Мемлекеттік сатып алуды толық цифрландыру осы саладағы бұзушылықтарды 765 есеге, осының салдарынан камералдық бақылаудың уақтылы алдын алу болды. Камералдық бақылауды автоматтандыру мемлекеттік сатып алуды қамтуды 6 есеге арттырды және бұзушылықтардың үлес салмағын 10 есеге қысқартып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың сауаттылығын арттырды", - деді ол.


Министрдің сөзінше, кешенді жоспарда 863 мемлекеттік меншік ұйымдары мен квазимемлекеттік сектор объектілерін жекешелендіру қарастырылған.

"Мақсат - экономикадағы мемлекеттің үлесін жалпы ішкі өнімге 15%-ға дейін қысқарту. Қазір бұл үлес жалпы ішкі өнімнің 16,2%-ды құрайды. 534,1 млрд. теңгеге 503 объект сатылды. Тағы 298 объект қайта құруға және таратуға бағытталды, оның ішінде 220-ы қайта құрылды және жойылды. Жоспардың орындалуы сатылған және қайта құруға немесе таратуға жіберілген объектілерді қоса алғанда, 93%–ды, ал сауда-саттықта тұрғандарды есепке алғанда - 96,8%-ды құрайды. Кешенді жоспар аяқталғанға дейін 62 объектіні сату қалды, оның 34-і сауда-саттықта жатады", - деді министр.

Оның сөзіне сүйенсек, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру клиентке бағдарлануға бағытталған.

Салықтық бақылау үшін субъектілерді іріктеуге мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі үнемі жетілдірілуде. Бұл шаралар салық тексерулерін шамамен 30%-ға қысқартты. Бұл ретте, анықталған бұзушылықтардың сомасы 2 есеге артып, 344 млрд.теңгені құрады. Қашықтықтан бақылаудың жаңа әдістері әзірленді. Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мақсатында оған қатысушылардың қаржылық тұрақтылығын растау жүргізіледі, бұл қосымша 1 млрд теңгеден астам салықты қамтамасыз етті. Тәуекелдік компанияларды анықтау және электрондық шот-фактуралардың жазбаларын ерте сатыда шектеу бойынша пилот іске асырылады, онда жалтару схемалары бойынша 30 млрд.теңге қосылған құн салығын заңсыз есепке жатқызудың алдын алу жүргізілді", - деді ол. 


Нәтижесінде, оның сөзінше, түсімдердің 36%-ға немесе 323 млрд теңгеге өсуі қамтамасыз етілген.

"Сондай-ақ тауарларды тазалау кезеңінде кедендік тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігі 18%-ға (78%-ға дейін) және кедендік тексерулер 26%-ға (49%-ға дейін) өсті, олар кедендік заңнаманың 80 мыңнан астам бұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік берді", - деді министр.
Барлық жаңалықтар