• Басты
  • Е.Тоғжанов: Коронавирустың өсу көрсеткіші 5,3 пайызға төмендеді
11 Мамыр, 2020 15:33

Е.Тоғжанов: Коронавирустың өсу көрсеткіші 5,3 пайызға төмендеді

Коронавирус инфекциясының өсу көрсеткіші 5,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төтенше жағдай режимінің алынуына байланысты өткен баспасөз мәжісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Е.Тоғжанов: Коронавирустың өсу көрсеткіші 5,3 пайызға төмендеді

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдай режимін тоқтатты. Алайда Ералы Тоғжанов карантин шараларының әлі де сақталатынын атап өтіп, талаптарды орындауға шақырды. 

"Коронавирус инфекциясының қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазіргі таңда ең азаматтардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында карантин шаралары әлі де сақталады. Оны ұстану - барлығымыздың міндетіміз. Карантин шектеулері бойынша әр өңірдің жағдайына байланысты жеке қаралып, шешімдер қабылданатын болады. Екі айға жуық төтенше жағдай кезінде атқарылған шараларға келетін болсақ, біріншіден, төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның 18 отырысы өткізілді. Бұл 500-ден астам нақты шараны қамтыды", - деді ол. 


Оның айтуынша, елдің экономикалық жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, сонымен қатар әр азаматтың жеке тағдырына байланысты сұрақтар күн тәртібінде қаралған. 

"Дер кезінде қабылданған нақты шаралардың арқасында инфекцияны бақылай алдық. Аурудың өсімінің 40-50 пайыздан соңғы апталарда 5,3 пайызға төмендеді. Халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету үшін көптеген президенттік шара қабылданды. Экономикалық қиындықтарына қарамастан, мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді дер кезінде орындау үшін 3,4 трлн теңге қарастырылып жүзеге асырылды",  - деді премьер-министрдің орынбасары.


Бұдан бөлек Ералы Тоғжанов халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қабылданған басқа да шараларға тоқталып өтті.

"Сонымен қатар мемлекет басшысының шешімімен 4 млн-ға жуық зейнеткер мен жәрдемақы алушының төлемдері жылдық мөлшерде 10 пайызға артты. Бұл шараға 313 млрд теңге қаралды. Сондай-ақ 1 млн көмекке мұқтаж азамат 7 млрд теңге көлемінде азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек 4,5 млн табысынан айырылған азаматқа 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды. 1,6 млн-ға жуық отбасыға коммуналдық төлемдерді өтеу үшін қаржылай көмек көрсетілуде", - деді ол.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды