• Басты
  • Е.Тоғжанов: Коронавирусқа байланысты жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту түріне көшеді
12 Наурыз, 2020 12:42

Е.Тоғжанов: Коронавирусқа байланысты жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту түріне көшеді

Елімізде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шара қолға алынды. Соған байланысты Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен колледжер қашықтықтан оқыту түріне көшеді. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Е.Тоғжанов: Коронавирусқа байланысты жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту түріне көшеді

Ералы Тоғжанов Дүние жүзі сақтау ұйымының коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жағдайды пандемия деп жариялағанын атап өтті.

"Бұл вирустың таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадам. Осы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген болатын. Тапсырманы орындауға қатысты комиссияның нақты шешімі қабылданды. Осыған орай орта білім беру ұйымдары 2020 жылдың 16 наурызынан бастап каникулға шығады. Каникул уақыты -16 наурыз бен 5 сәуір. Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салу. Сондай-ақ 16 наурыздан бастап колледждер мен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру", - деді Ералы Тоғжанов. 

Осы орайда жиынға қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі жоғары оқу орындары мен коллеждер қашықтықтан оқытуға дайын екенін жеткізді. 

"Қашықтықтан оқытуға Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қауқары жетеді. Біздің университеттердің көпшілігі үлкен қалаларда орналасқан. Сол себепті студенттерді қашықтықтан оқытуға техникалық мүмкіндік бар және интернеттің жылдамдығы да жеткілікті. Біз 1,5-2 ай бұрын жұмыс тобын құрып, осы мәселені қолға алдық. Жоғары оқу орындары мен колледжерде тестілеу жұмыстары жүрді. Ал орта білім ұйымдарына келетін болсақ, 68 мектепте мүлдем интернет жоқ. Бұл туралы біз жақсы білеміз әрі тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Ал балабақшалар жұмыстарын жалғастыра береді", - деді министр.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, демалыс уақыты біткенше жағдай дұрысталмаса, орта мектеп те қашықтықтан оқуға көшуі мүмкін.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов қолға алынған басқа да іс-шараларға тоқталып өтті. Оның сөзінше, ертеңнен бастап мерекелік шаралар, конференциялар өткізуге тыйым салынбақ.

"13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды, оның ішінде мерекелік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынды. Денсаулық сақтау, білім беру обьектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарда, халықты қамтамасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркісібі, сауда орындарында, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдарда, әуежайлар, қонақүйлерде күшейтілген дезинфекциялық режимді орнату", - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Сонымен бірге Ералы Тоғжановтың айтуынша, халықаралық жолаушылар қатынасы да шектеледі.

"Қарттар мен медициналық мүгедек адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік обьектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салу және оларға күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу. 1 "а" мен 1 "б", екінші санаттағы елдермен халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеу, 1 "а" мен 1 "б", екінші, үшінші санаттағы елдерге халықаралық, спорттық, мәдени іс-шараларға тыйым салу сияқты уақытша шаралар қабыладанады", - деді Ералы Тоғжанов. 


Coнымен қоса Ералы Тоғжанов сауда орталықтарының жұмысы жалғасатынын нақтылай кетті. Оның сөзінше, сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істейді, тек кинотеатрлар жұмысын тоқтатпақ.

"Сауда орындары жұмысын жалғастырады. Базарлар да дұмыс істейді. Өйткені мемлекет тұрғындарды тамақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуі қажет. Ал ойын-сауық орындарындағы кинотеатрлар жқмысы тоқтайды. Себебі фильм ұзақтығы ең аз дегенде 1 сағатқа созылады. Ал көп адамның бір ғимарат ішінде осынша ұзақ уақыт болуы бірқатар сқрақ туындатып отыр. Сондықтан осындай шешімге келдік", - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов Наурыз мейрамының қазақ үшін орны ерекше екенін атап өтіп, адамдардың қауіпсіздігінің одан да маңызды екенін баса айтты.


"Жалпы Наурыз мерекесі халқымыздың бұрыннан келе жатқан мерекесі. Қазақ халқы үшін маңызды. Алайда бүгінгі күні халқымыздың қауіпсіздігі одан да маңызды. Адамдарға жиналмаңдар деп айту оңай емес, өйткені жылдағы дәстүр бойынша халқымыз бір-бірімен кездесіп, ауылдарына барып атап өтетін болған. Десек те, мереке кезінде халық көп жиналатын орындардарда өтетін қоғамдық шараларға тыйым салынып отыр. Себебі адамдардың қауіпсіздігі маңызды. Алайда, адамдар бір-біріне баруға, көрісуіне шектеу жоқ. Тек әр адам өзін ғана емес,  жанындағыларды да ойлауы қажет", - деді Премьер-Министр орынбасары.


Сондай-ақ баспасөз мәжілісінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздегі бұқаралық спорт шараларының көрерменсіз өтетінін атап өтті.

"Бұқаралық спорттық шаралар өткізілетін обьектілерге де ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша коронавирусты алдын алу шараларын алу үшін бұқаралық спорт шараларын өткізуге тыйым салынды. Сонымен қатар спорттық командалардың кестелері бойынша дайындық шаралары мен өткізу шаралары өткізіле береді. Сорттық ойындар көрерменсіз өтетін болады", - деді министр.


Айта кету керек, бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының алдын аула мақсатында еліміздегі қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын айтқан болатын.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды