• Басты
  • Е.Тоғжанов: Халықты азық-түлікпен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін 32 млрд теңге бөлінеді
20 Наурыз, 2020 11:01

Е.Тоғжанов: Халықты азық-түлікпен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін 32 млрд теңге бөлінеді

Мемлекет басшысының тапсыруымен коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында елде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осыған орай үкімет қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылдап жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баспасөз мәжілісінде айтып берді, деп  Strategy2050.kz хабарлады тілшісі.

Е.Тоғжанов: Халықты азық-түлікпен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін 32 млрд теңге бөлінеді

Ералы Тоғжановтың сөзінше, наурыздың 22-сі күні сағат 00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әуе, теміржоол, автобус тасымалы тоқтатылып, қала тұрғындарына кіріп-шығуға тыйым салынбақ.

"Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыздың 22-сі күні сағат 00-де аталған екі қаламен әуе, теміржоол, автобус тасымалы тоқтатылады. 22-не дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуге немесе кетуге болады. Өндірістік тауар сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану секілді қызмет көрсету орындары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеуде. ҚР президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматыда меншік түрлеріне қарамастан барлық басқа мекемлерінің қызметі қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне өтеді", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар оның айтуынша, халықты азық-түлікпен және қажетті тауармен қамтамасыз ету үшін 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған.

"Бұл шаралардың негізгі мақсаты - әр азаматтың өз үйінде болуын, басқа адамдармен қарым-қатынасын толығымен шектеуді қамтамасыз ету. Үкімет тарапынан халыққа қажетті азық-түлікпен және халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қаралған. Бұл жұмыстарға бүгінде 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен", - деді Ералы Тоғжанов.

Назерке Сүйіндік
Барлық жаңалықтар