• Басты
  • Е.Тоғжанов карантин талаптарын қатаң сақтауды тапсырды
26 Мамыр, 2020 21:48

Е.Тоғжанов карантин талаптарын қатаң сақтауды тапсырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел тұрғындарының бекітілген карантиндік режимді қатаң сақтауды бақылауға алу мәселесі қаралды.

Е.Тоғжанов карантин талаптарын қатаң сақтауды тапсырды

«Біршама өңірлерде ауруды жұқтыру саны көбейіп отыр, бұл тікелей карантиндік талаптардың орындалмауына байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өңірлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырып, оларды орындамаған азаматтарға, мекемелерге, өндіріс объектілері мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауы керек», - деді Е. Тоғжанов.

Осыған орай, өңірлердің әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға тапсырылды:

  • еңбек ұжымдарында әлеуметтік қарым-қатынастың деңгейін барынша төмендету;
  • жұмыс күні барысында бетперде тағу және уақтылы ауыстыруды бақылауда ұстауды ұйымдастыру;
  • әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүмкіндігін жасау;
  • қоғамдық көлікке жолаушылардың тек арнайы отыру орындарына сәйкес және міндетті түрде маскасы бар болған жағдайда ғана мінуін қамтамасыз ету;
  • қорғаныс, ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық және өндіріс орындарын, мекемелер мен объектілерді дезинфекциялау шараларын күшейту. 

Берілген тапсырмалардың орындалуы Үкімет тарапынан тұрақты бақылауға алынады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды