• Басты
  • Е.Тұрғымбаев тұрғындарды сабырға шақырды
31 Наурыз, 2020 18:37

Е.Тұрғымбаев тұрғындарды сабырға шақырды

Төтенше жағдайдағы бұзушылықтар туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР ОРталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Е.Тұрғымбаев тұрғындарды сабырға шақырды

«Еліміздегі төтенше жағдай кезінде Ішкі істер органдары қауіпсіздік шараларын атқарып жатыр.28 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында карантиндік режим күшейтілді. Мекемелер жұмысы тоқтады.Үйден шығуға шектеу қойылды.Адам көп жиналатын орындар жабылды. Көшеде үш адамнан көп жиналуға, сондай-ақ жасөспірімдерге жалғыз жүруге болмайды.Көліктер қозғалысы шектелді», - деді министр. 

Сондай-ақ, Е.Тұрғымбаев тек қана мынадай жағдайларда көшеге шығуға болатынын айтты.

«Бірінші - азық-түлік алуға,Екіншіден – дәрі-дәрмек алуға, немесе ауруханаға бару үшін,Үшіншіден – тек жұмысқа барар кезде. Басқа кезде шығуға тиым салынады. Тәртіп бұзғандармен 3 күн бойы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгіннен бастап, ереже бұзғандарға айыппұл салынады, ал қарсылық танытқандар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады», - деді ол.

   Министрдің айтуынша, азаматтар мен автокөліктердің қозғалысы қатаң тексеріледі. 

«Жаяу және автокөліктегі патрульдер саны көбейтілді, бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ұрлық пен тонау фактілерін болдырмау үшін шаралар қабылдануда. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап, еліміз бойынша қылмыс саны 22%-ға азайды. Бәріңізді сабырға шақырып, жағдайға аса жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Шектеу мен карантин жариялау - вирустың жаппай таралмауы үшін жасалған қадам», - деді ол.

Министр қазір азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін алдыңғы шепте жүрген – дәрігерлер, полицейлер және әскерилер екенін айтты.

«Бәріміз бір-бірімізді қолдап, әлемге төнген қауіппен бірге күресуіміз қажет», - деп түйіндеді ол.

Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар
3.237.66.86, 192.168.88.100