• Басты
  • Е.Сыдықов: Жоғары оқу орындарында білімді оқытушылар жетіспейді
10 Ақпан, 2020 13:22

Е.Сыдықов: Жоғары оқу орындарында білімді оқытушылар жетіспейді

Қазіргі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарында білім әрі білікті оқытушылар тапшылығы байқалып отыр. Бұл туралы "Отандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру - жоғары білім сапасының кепілі" тақырыбында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ЖОО ректорлар кеңесі төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕМУ ректоры Ерлан Сыдықов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Е.Сыдықов: Жоғары оқу орындарында білімді оқытушылар жетіспейді

Ерлан Сыдықов өз сөзінде еліміздегі жоғары оқу орындарына тапсырушы студенттер саны арқанымен, оқытушылардың білім сапасы сын көтермейтінін атап өтті. 

"Былтыр білім және ғылым саласын дамыту үшін қомақты қаржы бөлінді. Дамыту үшін кешенді шаралар жүргізу аясында елбасы мен ел президенті бүгінгі күні жоғары оқу орындарының санын азайту мәселесін алға қойып отыр. Бұл білім сапасын арттыруға мүмкіндік бермек. Мәселен, 2016 жылы 477 мың студент болатын болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 542 мыңға өсті. Ал оларға білім беретін оқытушылардың саны артты ма, артқан жоқ. Жоғары оқу орындарының саны өсті, студенттердің саны артты, алайда оларға сабақ беретін білімді мамандардың тапшылығы байқалып отыр. Осы жерде біздің сапа төмендеп кетті. Жоғары оқу орындары басшыларының жауапсыздығы да бар бұл мәселеде", - деді Ерлан Сыдықов.  

Сонымен қатар ҚР ЖОО ректорлар кеңесінің төрағасының сөзінше, министрліктің мамандарды жұмыс берушілермен кеңесе отырып, белгілі бір салаға бағыттап дайындауы - жғары оқу орындарының да сапасын арттырмақ.

"Біздің министрлік жоғары оқу орындарын бейіндеу мәселесін алға қойып отыр. Ол дегеніміз салаландыру. Жұмыс берушілермен келісе отырып маман дайындау, экономиканың әр саласына бағыттап маман дайындауды қолға алмақ. Бұл оқу орындары нарыққа төтеп беретін жоғары оқу орындары болары сөзсіз", - деді ол.  

Бұдан басқа мәжіліске қатысқан ҚР ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов білім және ғылым саласына мемлекеттің көп көңіл бөліп отырғандығын жеткізді. 

"Бәсекеде алға шығу үшін білім мен ғылым дамуы керек. Еліміздегі білім саласына көп көмек көрсетіліп жатыр. Жалақы мен гранттардың саны артты. Атап айтсақ, магистратура, бакалавриат, докторантураға бөлінген грант саны өсті. Көп жерде лабораториялар ашылды, жалпы айтқанда көмек аз емес. Дегенмен проблема да аз емес. Бізде еліміздегі газ мұнай өндірісі, металлургия саласы, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, машина жасау, химия өндірісі секілді 9 салада мәселе бар. Осы жұмыс орындарындағы жұмыс істейтіндердің 99 пайызы біздің университеттердің түлектері. Сол себепті мамандарды дайындауға көп көңіл бөлу керек", - деді ол.

Сондай-ақ оның сөзіне сүйенсек, қазақстандық бірқатар университет талаптарға сай емес. Ол ережелерді сақтамай отырған бірнеше жоғары оқу орындарының атын атады.

"Менің естуім бойынша, 10-15 пайыз университеттер соңғы талаптарға сай емес. Мәселен, түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен. Тіпті, кейбір университеттер ережені сақтамайды. Кеше Орта Азия университетін "Атамекен" өкілдері тексерген, 47 мамандықтың 25-де 0-5 студентке дейін ғана оқиды екен. Ал "Астана" университетін "Нар" агенттігі тексерген кезде, балалардың 50 пайызы аккредитация өтпегені анықталды. Осыған байланысты Б.Сапарбаевтың бастамасымен комиссия құрылды. Біз министрліктің ЖОО-ларды қысқарту керек деген саясатын қолдаймыз. Қысқартсын, қажет болса колледжге айналдырсын", - деді Р. Алшанов. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды