- Басты
- Жаңалықтар
- ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығы елдегі қоқыс полигондарының кезек күттірмейтін мәселесіне жұртшылықтың баса назар аударуын сұрайды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстанда 2932 қоқыс полигоны тіркелген. Оның тек 509-ы, яғни 17%-ы ғана экологиялық нормаларға сай келеді. Оған қоса, тек заңдастырылған полигондарда жыл басынан бері 40 өрт болған: 17-сі Шығыс Қазақстан облысында, бесеуі – Ақтөбе облысында, төртеуі Алматы облысында, үшеуі Павлодар облысында, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Түркістан облыстарында болған.
Осы жылдың қазан, қараша айларында Ақтау, Өскемен, Семей, Атырау, Түркістан және өзге де өңірлерде жанған полигондар бірнеше күн түтіндеген; санкцияланбаған қоқыс орындарында өрт қайталанған. Тұрғындардың түсірген шағымдарына сүйенсек, сол күндері терезе ашу тіпті мүмкін болмаған, ал ең қауіптісі, денсаулық жағдайларының нашарлауы. Жану – бұл жылу мен газдар бөлетін химиялық реакция. Қоқыс құрамы әртүрлі болғандықтан, бөлінетін токсиндердің де көлемі нормадан бірнеше есеге асады.
Мәселені ушықтыратыны – Тәуелсіздік жылдарын қосқанда ел тарихында нақты қандай көлемде қоқыс жиналғаны туралы ақпарат мүлде жоқ. Тек ресми деректерге сәйкес, санкцияланбаған қоқыс орындарының саны 8,5 мыңға жетіп отыр. Сонымен қатар қоқыстың құрамындағы зиянды және улы компоненттердің құрамы және морфологиясы да белгісіз. Парниктік газдардың, зиянды заттардың ауаға тарап, жерге сіңіп, жерасты суларын зақымдауын өлшейтін заманауи құрылғылардың шектеулілігі де жағдайды анықтауға кедергі келтіруде. Токсинді, улы заттардың деңгейін анықтайтын жүйелі зерттеулердің жоқтығы, олардың адам ағзасы мен денсаулығына әсері де – көкейкесті мәселе.
"Бізге өңірлерден бұл сұрақтарды жоғары мемлекеттік деңгейде көтеруді талап ететін шағымдар үнемі келіп түседі. Дамыған елдердің жолымен қалдықтарды меңгеру бойынша толыққанды жүйені жолға қойып, циклді экономикаға көшіп, ең мықты, әлемдік қауіпсіз тәжірибелерді енгізуіміз керек", делінген хабарламада.
Осы айтылғандармен қатар, Қазақстан экологиялық ұйымдар Қауымдастығы жұртшылыққа, үкіметтік емес ұйымдарға, экология белсенділеріне, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, ҚР Үкіметіне, Парламенттің Мәжіліс және Сенат депутаттарына мәлімдейді:
Қазақстан Республикасы заңнамасындағы нормаларды қатайту мүмкіндігін талқылауды ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ:
- Санкцияланбаған, стихиялы қоқыс орындарын ұйымдастырғаны үшін жазалау және қоқыс полигондарында өртке жол беру, оларды жасыруға тырысу сияқты әрекеттер үшін жауапкершілікті қатайту.
Өз кезегінде Қауымдастық бұл ұсыныстарға ақпараттық, құқықтық қолдау көрсетуге, ҚР заңнамасына өзекті өзгерістер енгізу бойынша көмек ретінде өзінің ақпараттық алаңдарын ұсынуға дайын екендігін жеткізеді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары

