• Басты
  • Е.Үстеміров: Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлік салығын төлеуден босатылады
17 Сәуір, 2020 11:45

Е.Үстеміров: Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлік салығын төлеуден босатылады

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлік салығын төлеуден 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін босатылады. Бұл туралы елде енгізілген төтенше жағдай және карантин уақытында шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекет тарапынан қолдау шаралары және кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін қамтамасыз ету жайлы өткен онлайн баспасөз маслихатында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Е.Үстеміров: Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлік салығын төлеуден босатылады

Ербол Үстеміров Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай жариялағаннан кейін бірден "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жедел штаб құрылғанын атап өтті. Оның сөзінше, мұндай штаб әр аймақтағы кәсіпкерлер палатасында (барлығы 17 аймақтық штаб) құрылған.

"Атамекен" ҰКП жедел штабының құрылуының алғашқы күнінен бастап түрлі салалардағы жағдайды талдау, кәсіпкерлерге төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған тыйым салу мен шектеу шараларының салдарын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін ұсыныстарды қарастыру және тізім жасау жұмыстары басталды. Жалпы алғанда, жедел штабқа 32 мыңнан астам хабарлама келіп түсті, оның ішінде колл-орталыққа соғылған қоңыраулар да бар. Сауалдардың басым көпшілігі жұмыспен қамту және салаларға қатысты болды", - деді басқама төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, түскен арыз-шағымдардың 74 пайызында жұмыспен қамту проблемалары, оның 54 пайызы қызметкерлердің мерзімсіз демалысқа шығуымен байланысты болса, 20 пайызы жұмысшылардың қызметінен қысқаруына қатысты болған.

"Сонымен бірге өтініштердің 86 пайызында қаржылық жағдаймен байланысты болса, оның 59 пайызы жалдау ақысын, ал 22 пайызы еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелер, сондай-ақ 5 пайызы коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша мәселелерді көтерген. Хабарласқан кәсіпкерлер өтінішінің 31 пайызы несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыруды сұраса, 33 пайызы форс-мажор жағдайын мойындаған, ал 28 пайызы салық жеңілдіктерін ұсынуды қаласа, 8 пайызы еңбек ресурстарын қолдауды сұраған.

Сондай-ақ басқама төрағасының орынбасары "Атамекен" ҰКП үкімет пен министрліктерге кәсіпкерлер үшін төтенше жағдай салдарын азайту бойынша шаралар әзірлеп, ұсынылғанын айтып өтті. Оның сөзінше, бірқатар ұсыныс қабылданып, орындалды, ал бір бөлігі іске асыру кезеңінде немесе талқылануда.

Сонымен қоса басқарма төрағысының орынбасары микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2020 жылдың 1 маусымына дейін бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті.

"Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерін төлеуді кейінге қалдыру; айыппұл төлеуге қатысты шаралар қолдануды тоқтата тұру, шығыс операцияларын тоқтата тұру, мүлікке билік етуді шектеу және салықтық және кедендік қарызды өндіріп алу шаралары, сонымен бірге әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу шаралары тоқтата тұруға шешім қабылданды", - деді Ербол Үстеміров. 

Сонымен қатар ол жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлік салығын төлеуден 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін босатылатынын айтты.

"Ірі бөлшек сауда нысандарының, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, дене шынықтыру және спорттық ғимараттары бар жеке кісіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлік салығын төлеуден босатылмақ. Сонымен қатар туризм, тамақтану, қонақ үй қызметтеріне де осындай шешім",  - деді ол.  

Сондай-ақ Ербол Үстеміров өз сөзінде басқа да салықтық жеңілдіктерге тоқталды.

"2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі 8 пайызға дейін төмендетілді. Ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын төлеуден босатылады. Жалпы белгіленген режимді қолданатын жеке кәсіпкерлер 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Бұдан бөлек 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде экспортталатын бензин мен (авиациялық кірмейді) дизель жанармайын өндірушілер акциз салығын төлеуден босатылды", - деді басқарма басшысының орынбасары.
Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды