- Басты
- Жаңалықтар
- «E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкербаев «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленгені туралы хабарлады. Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілендіруді, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс атқаруда. Осы орайда, 2022 жылдан бастап арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жаңа арнаулы салық режимін енгізу көзделуде. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Салық салудың жаңа режимі
ҚР мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкербаевтың айтуынша, мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлер үшін салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін жеңілдету қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлегені туралы жеткізді. Қосымшаны енгізу Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар жаңа жылдан бастап күшіне енеді. Арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы жаңа арнайы салық режимі енгізіледі.
«Салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады. Мобильді қосымша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді чектер арқылы анықталған табысқа қарай автоматты түрде есептейді», - деді Жайдар Іңкербаев.
Комитет төрағасының орынбасары арнайы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жаңа арнаулы салық режимін енгізу қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол бұл қосымша екінші деңгейлі банктермен біріктірілген, ол арқылы барлық салықтарды үйден шықпай-ақ төлеуге болады. Қосымшада кәсіпкерлік қызметті тоқтату немесе оны тоқтата тұру қызметі де енгізілген.
«Мобильді қосымшаны енгізу арқылы салық міндеттемелерін орындау процесі айтарлықтай жеңілдетіледі. Айта кетейін, жаңа мобильді қосымша тегін», -деді ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.
Чек беру қызметі мобильді қосымшада жүзеге асырылады
Оның айтуынша, кәсіпкерлердің айтарлықтай қызығушылығын тудыратын қызмет – чек беру қызметі. Бұл қызмет кәсіпкерлердің белгілі бір бөлігіне кассалық аппараттарды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді.
«Сервис чекті генерациялауға, мессенджерлер (электрондық пошта, WhatsApp) пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті қолданушыға жіберуге мүмкіндік береді. Чек алдын ала төлем үшін, өткен кезеңдердің төлемі үшін жасалуы мүмкін», -деді ол.
Сонымен қатар, ол «E-Salyq Bussines» мобильді қосымшасында төленіп жатқан қаражаттар мен салықтар бойынша ақпараттар серверде сақталатынын айтып өтті. Жаңа мобильді қосымшаны қолдану бойынша Жамбыл және Ақмола облыстарында әзірше пилоттық жоба қолға алынған. Оның мәліметінше, мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын 400 мың дара кәсіпкер қолданады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде 3000-ға жуық кәсіпкер тіркеліп, бұл қосымшаны өз жұмыстарына пайдалануда. Айта кету керек, қосымшаны Play Market-те жүктеп алуға болады.

-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы
-
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері
-
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
-
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері
-
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары
-
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы
-
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері
-
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
-
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
-
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы
-
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады
-
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері

