• Басты
  • «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері

«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері

10 Ақпан, 2021 15:42

Бүгiн Орталық коммуникайиялар қызметiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетi төрағасының орынбасары Жайдар Iңкәрбаев «E-Salyq Azamat» мобильдi қосымшасының мүмкiндiктерi жөнiнде айтып бердi, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

Мемлекеттік қызметтің 99%-ы электронды түрде көрсетілді

Төраға орынбасары мемлекеттiк кiрiстер комитетiнде сандық технологияны дамыту қазiргi пандемия жағдайында өз тиiмдiлiгiн көрсетiп отырғанын атап өттi. Оның айтуынша, МКК электронды түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерi жыл сайын қарқынды дамып келедi. Мәселен, өткен жылы көрсетiлген қызмет түрiнiң 20 млн-ы немесе 99%-ы электронды түрде көрсетiлген.

«Сонымен бiрге, 99% салықтық және 100% кедендiк декларация қашықтан тапсырылды», - дедi ол.
Оның мәлiметiнше, 2020 жылдан бастап кейбiр қызмет түрлерi Комитеттiң порталы немесе «E-Salyq - Azamat» мобильдiк қосымша арқылы қолжетiмдi болған. Яғни, салық төлеушi өзiнiң берешек сомасын «Салықтық берешектiң бар/жоқтығы туралы ақпарат» «E-Salyq - Azamat» арқылы бiле алады.
«Цифрлық салықтық әкiмшiлендiруде «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесiн енгiзу ең тиiмдiсi болды. Шын мәнiнде, бұл кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң барлық операцияларын тiркеу», - дедi төраға орынбасары.
Жайдар Iңкәрбаевтың сөзiнше, бастапқы бухгалтерлiк құжаттарды электронды түрде ресiмдеу енгiзiлген. Бұл қызмет салық төлеушiлер қашықтан жұмыс iстеуге мәжбүр болған локдаун кезеңiнде кеңiнен қолданыла бастаған. 
«40 мемлекеттiк қызмет түрiнiң 40-да автоматтандыру арқылы бiз электронды мемлекеттiк қызметтiң 97%-на қол жеткiздiк. Бұрын көптеген қызметтер салық төлеушiнiң мiндеттi түрде жеке қатысуымен ұсынылатын және рәсiм 7 күнге дейiн созылатын», - дедi ол.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда салық төлеушiлердiң 99%-ы декларацияны тек салық төлеушiнiң жеке кабинетi iске қосылған сәттен бастап электронды түрде тапсыратынын атап өттi.

Сонымен бiрге, ол мемлекеттiк кiрiстер басқармасында электронды түрде көрсететiн мемлекеттiк қызметтердiң үлесi жылдан жылға 20 млннан 99%-ға дейiн өсiп келедi. Сондай-ақ, салықтың 99%-ы және кедендiк декларацияның 100% қашықтықтан тапсырылған.

«2020 жылы қызметтердiң бiр бөлiгi Комитеттiң мобильдi қосымшалар сервистерiнде қолжетiмдi болды», - дедi төраға орынбасары.
Оның айтуынша, «e - Salyq Azamat» мобильдiк қосымшасы кез-келген тұлғаға қолжетiмдi, ұялы телефонына жүктеп алса болғаны. Бұл жерден салық төлеушiлер қанша қарызы бары туралы мәлiметтi ЖСН жазу арқылы бiлуге, артық төлемi болған жағдайда ол ақшаны оп-оңай қайтарып алуға, мүлiк, жер және көлiк құралдары бойынша мәлiметтердi көруге, егер дұрыс емес ақпараттар болған жағдайда бiрден түзетуге мүмкiндiгi бар.
«Бұл қосымшада «Салық әмияны», «Жиi қойылатын сұрақтар», «Салық және әлеуметтiк төлемдер» бойынша берешек туралы және тағы басқа салық төлеушiге өте қажет қызмет түрлерi жұмыс iстейдi. 2021 жылдан бастап Салық әмиянында Қызметкердiң еңбекақысы туралы мәлiметтердi көруге мүмкiндiк берiлетiн қызмет iске қосылды», - дедi Жайдар Iңкәрбаев.
2021 жылғы 5 ақпандағы жағдай бойынша «e - Salyq Azamat» мобильдiк қосымшасында пайдаланушылар саны 265 мыңға жеткен. 
"Электронды салық әмияны" мобильдi қосымшасы

2020 жылдан бастап "Электронды салық әмияны" мобильдi қосымшасы iске қосылды. Оны App Store немесе Play Market-тен тегiн жүктеп алуға болатынын атап өттi.

«Бұл сервис азаматтарға салық төлеу мерзiмi аяқталғанға дейiн дайын деректемелердi пайдалана отырып төлем жасауға, алдағы салық сомасын бiлуге мүмкiндiк бередi. Бұрын салық төлеушiге банкке бару, кезекте тұру, банк комиссиясын, салықты төлеу үшiн көптеген деректемелер мен кодтардың бiрiн таңдау қажет болатын», - дедi ол.
Сонымен қатар, оның сөзiнше, салық әмиянында мүлiк, жер және көлiк құралдары үшiн қолжетiмдi салық салу объектiлерiн онлайн режимде толықтыруға, автоматты түрде есепке алуға және көруге болады. Салық салу объектiлерi туралы деректердi түзету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға электронды өтiнiм жiберу мүмкiндiгi iске асырылады, осылайша салық төлеушiлердi артық қозғалыстан қорғау мүмкiн болмақ. Бұдан басқа, ол салық әмиянында мүлiкке, жерге және көлiк құралына қолда бар салық салу объектiлерi бойынша онлайн толтыруды, автотасымалдауды және қарауды жүргiзуге болатынын еске салды. Салық салу объектiлерi бойынша деректердi түзетуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға электронды өтiнiмдердi жiберу мүмкiндiгi iске асырылды, осылайша бiз салық төлеушiлердi артық инстанциялар бойынша жүруден сақтайды.
 Сондай-ақ, ол мобильдi қосымшадағы қызметтерге тоқталып өттi.

Қосымшаның бас мәзiрiнде бiрқатар электронды қызмет бар:

- "БЖТ төлемi"

- "Электронды кезектi онлайн брондау"

- "Салық төлеушiлердi iздеу"

- "Сенiмсiз салық төлеушiлердi iздеу" (азаматтық-құқықтық шарттар жасау кезiнде тiркелуi тәуекелдердi бағалау үшiн жарамсыз деп танылған жалған кәсiпорынның мәртебесiн тексеру)

- "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисi "(салықтар бойынша болашақ төлемдердi тексеру)

- "Салық және әлеуметтiк төлемдер бойынша берешек туралы қызмет" (берешектi бiр мезгiлде төлеу мүмкiндiгiмен тексеру)

- "Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептiлiгiн керi қайтарып алу туралы мәлiметтер

- "Калькулятор "

- "Анықтамалық" (бизнес субъектiлерiнiң тiзiмдерi, т.б)

- "Салық күнтiзбесi" (декларацияларды табыс ету мерзiмдерi, салықтарды төлеу мерзiмдерi)

- "Шағымдардың электронды кiтабы»

- "Жиi қойылатын сұрақтар".

«Мұнда МКК байланыс орталығына келiп түсетiн өзектi сұрақтарға жауаптар бар (күнiне шамамен 1,5 мың қоңырау түседi). Жеке тұлғалардан сұрақтардың 60% - ға жуығы салық салу объектiлерi бойынша салықтарға, берешекке, салық төлеу мерзiмдерiне қатысты келiп түседi», - дедi ол.
E-Salyk Azamat мобильдiк қосымшасында жалпыға бiрдей декларациялау шеңберiнде активтер мен мiндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша сервис iске асырылатын болады.
«Жыл басынан берi барлық декларациялар ұсынылды - 153 497, оның iшiнде e-Salyk Azamat арқылы – 115 мыңнан астам декларация ұсынылған болатын», - дедi ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, шағын және орта бизнес субъектiлерi үшiн E-Salyq-Business мобильдi қосымшалары әзiрленуде.
Барлық жаңалықтар