- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды. Осы орайда сарапшылардың пікірін білген едік. Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаевтың айтуынша, бұл мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды құжаттардың бірі. Қабылданған стратегия ұлттық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін шешуде, сонымен қатар ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алуға, қорғауға мүмкіндік береді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ержан Салтыбаевтың сөзінше, Қазақстанның негізгі ұлттық мүддесі қауіпсіздік стратегиясының ажырамас бөлігі.
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті еліміздің мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын қоса алғанда, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістігі мен табыстарын сақтау болып табылады» , - деді ол.
Ержан Салтыбаевтың айтуынша, қазіргі халықаралық жағдайдың өзгеріске толы екенін түсіну керек. Бұл жаңадан туындайтын сын-қатерлер мен қауіптерге жүйелі түрде бейімделуді қажет етеді.
«Қабылданған құжат - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы алдағы бес жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындауда нақты бағдар болады, бұл мемлекеттік жоспарлау және басқару саласындағы үздік әлемдік практикалармен сәйкес келеді» , - деді Ержан Салтыбаев.
Ол сөзінше, қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді басымдықтардың біріне айналғаны кездейсоқтық емес. Пандемиямен күрестің әлемдік және отандық тәжірибесі, Медициналық және биологиялық қауіпсіздік саласындағы қатерлердің алдын алу кез келген мемлекет үшін сөзсіз басымдыққа айналып отыр.
Сондай-ақ оның айтуынша, кибер-қорғаныстың жоғары деңгейі кез-келген мемлекеттің сәтті дамуына мүмкіндік береді. Бұл жаңа стратегияда да көрініс тапқан.
«Соңғы жылдары ғаламдық киберкеңістіктегі ауқымды оқиғалар дербес деректер мен ақпараттық инфрақұрылымды қорғау қауіпсіздік үшін маңызды болып отырғанын айқын көрсетті. Стратегия экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мақсаттарды қайта қараудың маңыздылығына баса назар аударады» , - деді ол.
Ержан Салтыбаевтың айтуынша, қазіргі таңда әлемдегі сыртқы экономикалық проблемалар экономика салаларының дамуына теріс әсер етуде. Сондықтан, мемлекет азық-түлік қауіпсіздігі саласында, көлік және логистика саласында, сондай-ақ қаржы секторында тәуекелдерді басқару міндетін қойып отыр.
Сонымен қатар, геосаяси шиеленістің артуы, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың кюбеюі қорғаныс әлеуетін арттыру қажеттілігін дәлелдей түсті. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі үшін Қазақстанның алдында егемендігін сақтау және шекараларын тиімді қорғау міндеті тұрғанын баса айтып өтті.
«Стратегия шеңберінде әзірленетін ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарын басшылыққа ала отырып, мемлекет қатерлердің алдын алу жөніндегі алдын алу шараларының кешенді жүйесін дамыта алады», - деді ол.
Оның сөзінше, Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекіту жаһандық турбуленттілік кезеңінің және 21 ғасырдың үшінші онжылдығында әлемде жаңа сын-қатерлер мен қауіптердің болу мүмкіндігін ескере отырып, өз уақытында жасалған қадам деп қорытынды жасауға болады.

-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі
-
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары
-
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды

