• Басты
  • Е.Саиров: Азаматтардың құқықтық және саяси мәдениеті өте жоғары
24 Желтоқсан, 2019 15:50

Е.Саиров: Азаматтардың құқықтық және саяси мәдениеті өте жоғары

Белгілі саясаттанушы, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров митинг туралы жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, азаматтар митингтерді заңнама шеңберінде өткізуге дайын, себебі қазақстандықтардың құқықтық және саяси мәдениеті өте жоғары.

Е.Саиров: Азаматтардың құқықтық және саяси мәдениеті өте жоғары

Ерлан Саиров мемлекет басшысының билік басына келгеннен кейінгі қолға алған шаралар мен реформаларға тоқталып өтті.

"Биылғы жыл күрделі жыл болды. Біздің ел көптеген саяси бұрылыстардан өтті. Еліміздің саяси тарихындағы ең негізгі мәселе - биліктің ауысуы. Бұл егемендігіміздің 29 жылындағы ең саяси оқиға деп айтуға болады. Шетелдік және қазақстандық сарапшылар "Қазақстандағы биліктің ауысуы қалай болады", және "бейбіт түрде ауысуға қабілетті ме" деген сауалдарды көтерген болатын. Ол да оңай болған жоқ, дегенмен бір жылдың ішінде еліміздегі саяси жүйе трансформациялануға қабілетті екендігін көрсетті", - деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, президенттің бастамасымен құрылған Ұлттық кеңестің жұмысы жалғасып, саяси жүйені реформалауға септігін тигізбек.

"Қоғамдық-саяси тренд деп демократияға және плюрализмге деген сұранысты атап өтуге болады. Оған билік нақты жауап берді. Ол үшін Ұлттық кеңес құрылды. Жақында өткен екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ұсынған реформаларының бірінші пакеті еліміздегі саяси ландшафты либерализацияға өзгертуге өзінің септігін тигізбек. Ұлттық кеңес өз жұмысын әрі қарай жалғастыра беретін болады. Бұл еліміздегі саяси жүйені реформалаудың бірінші пакеті ғана",- деді Саиров.

Сонымен бірге саясаттанушы Ерлан Саиров биыл елімізде өткен митинг, пикет секілді шараларға тоқталып өтті. Сондай-ақ митинг туралы жаңа жобасында көтерілетін мәселелер жөнінде айтты. 

"Қазақстандықтар митингілерді заңнама ережелеріне сәйкес өткізуге дайын. Өткені азаматтардың құқықтық және саяси мәдениеті өте жоғары деңгейде. Жастар өзін өте мәдениетті және дұрыс ұстай білді. Мәселен, қыркүйектің басында өткен митингті алайық. Митниг кезінде ешқандай да қоғамдық тәртіпті бұзу болған жоқ. Біздің азаматтарымыз өте жауапты. Президенттің өзі азаматтар митингілерді қала сыртында, не адам аяғы кіре алмайтын жерлерде өткізбеуі керек. Біз өз азаматтарымызды құрметтеп, митингтер өткізу үшін тиісті орындар ұсынуымыз керектігін атап өтті", - деді Е.Саиров. 

Сонымен қатар Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі аталмыш заң жобасын жасауға түрлі саяси күштердің қатысқандығын атап өтіп, оның еуропалық стандарттар мен қоғамдық сұраныстың барлық аспектілеріне жауап беретінін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, аталмыш заңда пикет, митинг секілді терминдерге де анықтама берілмек.

"Митинг туралы жаңа заң жобасында оны өткізудің барлық ережелерімен қатар пикет, митинг секілді терминдерге анықтама берілетін болады. Сонымен қатар, менің ойымша, аталған заң жобасының нормалары бәрін қанағаттандыруы тиіс. Оны талқылауға түрлі саяси күштер қатысқан болатын. Сондай-ақ бұл заң міндетті түрде митинг өткізуге шешім қабылдағандардың жауапкершілігіне қатысты болмақ. Себебі митинг - тек құқық қана емес, ол ең алдымен жауапкершілік екендігін түсіну керек", - деді саясаттанушы. 

Сонымен қатар ол аталған заң еуропалық стандарттар мен қоғамдық сұраныстың барлық аспектілеріне жауап беретінін атап өтті. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды