• Басты
  • Е.Пірімбетов: Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс жүргізілуде
10 Қазан, 2019 17:22

Е.Пірімбетов: Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс жүргізілуде

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесін іске қосады. Осы бағытта «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Ермек Пірімбетов аталған қордың қызметі, корпоративтік құрылымы, қордың стратегиялық бағыттары, МӘМС жүйесін енгізу үшін жасалып жатқан жұмыстарына тоқталып, қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Е.Пірімбетов: Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс жүргізілуде  | Strategy2050.kz

"Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Жақын күндері пайдаланушылармен кері байланыс жасайтын Қордың жаңа сайтын іске қосамыз. Сондай-ақ, қордың қаржылық және жылдық есебі, аудит жүргізген ұйымдар және оларға төленген сыйақылар туралы мәліметтер, Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың және Қор басқармасының қызметін реттейтін нормативтік актілер тұрақты түрде ашық орналастырылады", - деді ол. 

Сондай-ақ, Ермек Пірімбетовтің айтуынша, қордың қызметін жетілдіріп, жұмысын жақсарту мақсатында үш стратегиялық бағытқа назар аударылған. 

"Әтүрлі әлеуметтік-экономикалық, демографиялық жағдайлар, халық тарапынан медициналық қызметтерді тұтыну көрсеткішінің артуы пациенттердің мүддесіне қарай тиімді және сапалы медициналық көмек сатып алу үшін МӘМС жүйесін сәтті енгізу үшін Қордың қызметін одан әрі дамыту қажеттілігіне алып келеді. Сол себепті, біз Қордың қызметін жетілдіруде негізгі үш стратегиялық бағытқа назар аудардық. Атап айтсам, медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ретінде қорды дамыту, халықты МӘМС жүйесіне барынша тарту және цифрлық трансформация", - деді Ержан Пірімбетов.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысының тапсырысымен жүзеге асып жатқан МӘМС жүйесінің жұмысына тоқталып өтті.

"Сақтандырылған тұлғалар үшін МӘМС пакеті медициналық қызметтердің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл пакетке консультациялық-диагностикалық, оңалту және қалпына келтіру көмегі, ересектер мен балаларды профилактикалық тексеру кіреді. МӘМС кеңейтілген пакетіндегі медициналық көмектің барлық көлемі сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді болады және дертке шалдыққан қызметкерді емдеу, күту және оңалту бойынша барлық шығындарды медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады", - деді. 

Сондай-ақ, ол аталған қордың МӘМС жүйесіндегі жарналардың қалай сақталып, қалай қолданылатынын айтты. 

"Қордың қаржылық қызметі ҚР Үкіметі белгілеген нормалар мен лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Қордың активтері Ұлттық Банктің шоттарында орналастырылған және халыққа медициналық көмек көрсету үшін ғана пайдаланылады", - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қарағанды облысында жақында ғана іске қосылған МӘМС пилоттық жобасы негізінде барлық кедергілер анықталып, жетілген жүйе барлық өңірлерге жіберілетін болады.

"Соңғы үш жыл ішінде Қор көлемді дайындық жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында МӘМС жүйесі пилоттық режимде іске қосылған еді. Осы пилоттық жоба шеңберінде біз кедергілерді анықтап, кейін пилот тәжірибесі мен нәтижесін барлық өңірлерге тарату және жүйенің алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа дайындығына сенімді болу үшін механизмдерді жақсарту мен автоматтандыру бойынша жұмыс жүргіземіз", - деп аяқтады ол сөзін.

Назерке Сүйіндік  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды