• Басты
  • Е.Оспанов: Еңбекмин қызметiнiң 80%-ы электронды форматқа көшірілді
21 Ақпан, 2020 13:25

Е.Оспанов: Еңбекмин қызметiнiң 80%-ы электронды форматқа көшірілді

Өткен жылы ҚР Еңбек министрлігі қызметінің 80 пайызы электронды форматқа көшірілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өткен жылы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша жұмысының қорытындылары жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ бірінші вице-президенті Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Е.Оспанов: Еңбекмин қызметiнiң 80%-ы электронды форматқа көшірілді

"Министрліктiң мемлекеттік қызметтерін цифрландыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы ҚР Еңбекмині қызметінің 80 пайызы электронды форматқа көшірілді. Бүгінгі күнi әлеуметтiк-еңбек саласындағы 40 мемлекеттiк қызметтiң 18-i электрондық, 14-i проактивтi, яғни SMS арқылы және 10-ы бірiктірiлген композиттен көрсетіледі. 2020 жылдың соңына дейін министрлiктің электрондық форматта қолжетімді қызметтерiнің үлесiн 90% - ға дейін арттыру жоспарлануда", - деді ол. 

Сондай-ақ Ербол Оспанов Еңбек министрлігі азаматтарға жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс сапасы туралы кері механизмін енгізгенін атап өтті. 

"Осылайша мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының қызмет алушылардан өтініштерін қабылдауы қарастырылған. Бұл механизм цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында және Диджитал мобильді агент қосымша негізінде жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамту орталықтары қызмет саласының сыпайы қарым-қатынас, қызметкерлердің кәсіби деңгейі, әкімшілік кедергілер, күту уақыты неме мүгедектерге жасалған жағдай сияқты критерийлер бойынша онлайн режимде бағаланады. Сондай-ақ олардың сұраныстарына мүмкіндігінше тезірек жауап алуға мүкіндік бермек". 

Ал жиынға қатысқан Еңбек министрлігінің вице-министрі Нариман Мұқышев өткен жылы жүзеге асқан жобаларға тоқталды. 

"Қазақстан азаматының әлеуметтiк ІD картасы" - бұл жәрдемақылар мен төлемдер түсетiн пластикалық карта. Картаның көмегiмен қызметтерге ақы төлеуге болады. Әлеуметтік ID карта АӘК төлемiн, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудi, мектептерде көпбалалы және табысы аз отбасылардың балаларына ақысыз тамақтануды көздейді. Сонымен қатар "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесi" жобасын атап өтуге болады. Бұл жeкe куәлiк бойынша жұмысқа орналасуға мүмкiндiк берeді. Бұрын бұл үшiн жұмыс бeрушiнiң талабы бiрнеше құжат жинау керек болатын. Сондай-ақ аталмыш жоба жұмыс берушiлердiң шарттарды басып шығaру және сақтaу шығындарын, осы процестi жүргiзуге штатта бірнеше адaмның болуы сияқты шығындaрды азайтпақ", - деді вице-министр.

Бұдан басқа ол  ҚР Еңбек министрлiгi цифрлық жобаларды iске асыру және мемлекеттiк қызметтерді электрoндық және прoaктивтi формaтқа көшiру aрқылы республикалық бюджеттiң 3,03 млрд теңге қаржысын үнемдегенiн атап өтті.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды