• Басты
  • Е.Нұрғалиева: Митинг туралы заң жобасы халықаралық стандарттарға сай
14 Мамыр, 2020 13:47

Е.Нұрғалиева: Митинг туралы заң жобасы халықаралық стандарттарға сай

Бүгін сенат депутаттары Қазақстанда "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын қайта қарап, ұсынылған толықтырулар мен түзетулерді қарастырып, енгізу үшін мәжіліске қайтарып берген еді. Осы орайда "Еуразиялық құқық қорғау орталығының" президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Еңлік Нұрғалиеваның пікірін білген едік. Оның сөзінше, бүгін сенатта қаралған заң жобасы мен ұсынылған өзгерістер мен түзетулер халықаралық стандарттарға сай, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Е.Нұрғалиева: Митинг туралы заң жобасы халықаралық стандарттарға сай

Профессор Еңлік Нұрғалиева заң саласында бірнеше жылдан бері қызмет істеп келеді. Өзінің айтуынша, бұған дейін әлем елдерінде бейбіт шеру қалай өтенін, оның халықаралық стандарттарын зерттеумен айналысқан.

Мен бұл заң жобасын дайындаудың ең алғашқы отырыстарына қатыстым. Онда өз пікірімді білдіріп, ойымды айтқан болатынмын. Жалпы, бүгінге дейін бейбіт митинг өткізуге қатысты халықаралық стандарттарды біраз зерттедім. Осындай мақсатпен Вашингтонда бірқатар коммерциялық емес ұйыммен кездесіп, заңдарды талқыға салып, әігңмелескенбіз. Сол жылдары олар біздің заңның ескі екенін, кей тұстары халықаралық стандартқа сәйкес келмейтінін айтқан еді. Біз әлі нарықтақ экономикаға көшпеген кез болатын. Демократия жаңадан еніп келе жатқандығын айтқанмын мен. Ал қазір жағдай мүлде бөлек, өзгерістер енгізетін уақыт келді", - деп санайды заң ғылымдарының докторы.

Ол бүгін сенатта қаралған 6 сауалдың қайтадан пысықтауға мәжіліске жіберілгенін атап өтіп, мұның дұрыс шешім болғандығын айтып, ұсынылған толықтырулар мен өзгерістерге тоқталды.

"Мен бұл сауалдардың барлығын қарап шықтым. Заңгер ретінде өте дұрыс жасалғанын айтқым келеді. Бұған дейін заң жобасына қатысты азамттар тарапынан бірқатар сын айтылды. Менің ойымша, қазір бұл айтылған сындар ескеріліп, жөнделген. Мәселен, арнайы митинг өткізетін орындар жөніндегі бап. Бұл туралы халық арасында көп әңгіме болды. Жалпы халықаралық стандарттарда бейбіт жиындар өтетін орындар қаланың сыртында болмауы керек, керісінше, орталық алаңдарда өткізу қажеттігі қажеттігі айтылған. Өйткені оны халық естімей, көрмей қалуы мүмкін", - деді Еңлік Нұрғалиева.


Оның пікірінше, әкімшілік, тағы сол сияқты мемлекеттік органдардың ғимараты орталықта орналасқан, сол себепті қала не аудан орталығынан орын беру туралы шешім өте дұрыс.

"Сенаттың енгізген ұсыныстарын қарап отырсам, митинг өтетін жер 3-тен кем болмауы керек екен. Бірақ орталық көшелерден белгіленіп, берілуі қажет дейді. Бұл дұрыс деп санаймын, өйткені әдетте әкімшіліктің ғимараты, тағы басқа сол сияқты мемлекеттік органдар қаланың, ауданның орталығында орналасады. Сол себепті менің ойымша, бұл халықаралық қағидаттарға толық сәйкес келеді", - деді ол.

Сонымен қатар оның сөзінше, митинг өткізуге берілген жерлерді пайдалану тәртібі, қоғамдық мүлікке, ескетркіштерге де зарар келтірмеу секілді мәселелер де жаңа заң жобасында қарастырылған. 

Сонымен қоса заң ғылымдарының докторы бейбіт жиынға қатысушылардың бетін бүркелемеуге қатысты бапқа пікір білдірді. Оның сөзінше, бұрын соңды бүркемелеуге тыйым алынса, қазіргі таңда оған рұқсат етіледі.

"Мәжілістен сенатқа жіберілгенде бейбіт жиынды ұйымдастырушылардың 13 міндеті болатын. Оны 10-ға дейін қысқартқан. Мәселен, осыған дейін ұйымдастырушылар митингке шыққан адамдардың бетін бүркемейтіндігін қамтамсыз етіп, қадағалауға міндетті болатын. Менің ойымша, бұл тек ұйымдастырушылардың ғана міндеті емес, өткені шеруге келген азаматтар ұйымдастырушыға алаңға келгенде бетін жаппаймыз деп айтып алып, кейін бүркемелеуі мүмкін. Бұл ішкі істер қызметкерлерінің де міндеті. Жаңа заң бойынша, бұл міндет екіге бөлінген. Бұдан былай ішкі істер қызметкерлері де, ұйымдастырушылар да жауапты", - деді Еңлік Нұрғалиева.

Сонымен қатар сарапшының пікірінше, қазіргідей вирус жайлаған кезде заңның қайта қаралып, түзетулер енгізілгені дұрыс шешім болған. Себебі адамның денсаулығы бірінші орында болғандықтан, толықтырулар енгізілуі қажет деп санайды ол.

Қазіргі жағдайға байланысты да, мәселен, коронавирус кезінде, басқа да эпидемия уақытында шығатын болса, қатысушыларға бетперде киіп қатысуға мүмкіндік беріліп отыр. Яғни, азаматтар көпшілік жиналған жерлерде маска тағып, денсаулығын сақтауға құқылы. Бұл бетін бүркемелеген болып саналмайды. Мұны мәжіліс қарастырып, жаңа заң жобасына енгізуге тырысады. Өйткені қазіргідей пандемия уақытында азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай ұсыныс енгізіліп отыр.  Бұл үшін қатысушылар жауапкершілікке тартылмайды", - деді заңгер.

Сонымен бірге, ол жаңа заң жобасында бейбіт жиналыстарға рұқсат бермеу негіздеріне өзгерістер енгізілгенін атап өтті. 

"Бұған дейін бейбіт митингтерге рұқсат бермеу негіздерінің саны 13 болатын, қазір 10-ға дейін қысқартылған. Бұл нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы керек. Мәселен, азаматтар өздері қалаған уақытта шыға салмайды ғой митингке. Мәселен, оның алдына қойған мақсаты, міндеті болуы керек. Мәселен, Нью-Йоркта 45 күн бұрын, Бостонда 20 күн бұрын жазады. Бүгін айтып, ертең бейбіт шеруге шығу әлемдік тәжірибеде жоқ. Негізсіз рұқсат бермеуге заң бойынша болмайды", - деді сарапшы. 

Бұдан бөлек сарапшы жаңа заң бойынша қандай жағдайда бейбіт жиналыстар тоқтатылатын айтып өтті.  

"Егер қатысушылардың бірі бұзақылық жасаса, бейбіт жиналыс тоқтатылады. Мәселен, 50 адам шығып, оның біреуі ғана бұзақылық жасаса, бұрын митингті түгел жауып тастайтын. Ал қазір тек бұзақылық жасаған азамат қана жауапқа тартылады да, қалғандары митингті жалғастыра алады. Біреудің тәртіпсіздігіне, барлығы жауапты емес. Бұған дейін митингтерді тоқтатудың негізі 7-еу болған, оның 1-еуі алынып тасталды", - деді Еңлік Нұрғалиева.

Бұдан басқа оның айтуынша, адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төнген уақытта бейбіт митингті тоқтатуға құқылы. Мәселен, шеру кезінде азаматтардың денсаулығына нұқсан келіп, өміріне қауіп төнсе, митинг жабылады, деп түйіндеді.  

Сұхбатыңызға рахмет!

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды