• Басты
  • Е.Маржықпаев: Жыл соңына дейін балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтылады
28 Қазан, 2019 17:55

Е.Маржықпаев: Жыл соңына дейін балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтылады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев биылғы жылдың 9 айында өңірде жасалған жұмыстармен таныстырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін Ақмола облысының балалары мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылатын болады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
 Е.Маржықпаев: Жыл соңына дейін балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтылады

"Адам капиталының сапасын арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Елбасының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың соңына дейін балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтуды жоспарлап отырмыз. Өңірде үш ауысымды мектеп мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Негізінен, бұл Целиноград ауданына қатысты, онда 2700 орындық 4 мектеп салынып, алдағы екі жылда 1200 орындық 2 мектеп салуды жоспарлап отырмыз",- деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс басшысының айтуынша, өңірде медицина саласын дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірнеше құрал-жабдық, санитарлық автокөлік сатып алынған.

"Медицина саласындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 169 бірлік медициналық жабдық, 10 санитарлық автокөлік, жедел медициналық жәрдем кіші станциялары үшін 10 "АДАЖ" ақпараттық жүйесі сатып алынды. Екі медициналық мекеменің құрылысы аяқталды, тағы төрт нысан салынуда. Оның ішінде Көкшетау қаласындағы қаласындағы онкологиялық емхана бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетуді кеңейту үшін облыстың 6 ауданында қосымша 12 қосалқы станция ашылды",- деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, өңір басшысы атап өткендей, облыстың негізгі капиталына түскен инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға өскен. Ал, жеке инвестициялардың үлесі 82 пайызға артқан.

"Қысқамерзімді экономикалық индикатор есепті кезеңде 106 пайызды құрап отыр. Облысымыз республика бойынша 4 орында тұр. Өсім нақты сектор салалары есебінен қамтамасыз етілген. Өнеркәсіпте - 102,4 пайыз,  ауыл шаруашылығында- 106,5 пайыз,  құрылыста - 118,1 пайыз",  - деді өңір басшысы.

Бұдан бөлек, Ермек Маржықпаевтың айтуынша, Президенттің тапсырмасы бойынша облысқа тікелей шетелдік инвесторлар тартылуда. Бүгінгі күні аталған өңір АҚШ, Сауд Арабия секілді елдермен бірігіп, түрлі жобаларды іске асыруда.

"Президентіміз шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыс бойынша міндет қойған еді. Осы мақсатта экономиканың түрлі секторларында шетелдіктердің қатысуымен жалпы инвестиция сомасы 190 млрд теңге болатын 11 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл Ресей,  АҚШ,  Сауд Арабиясы,  және басқа да елдермен бірлескен жобалар",- деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, ауыл шаруашылығы секторына инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан.

"Ауа райының қолайсыздығына қарамастан,  өңірде жалпы астық жинау 5,0 млн тоннаны құрады. Мал шаруашылығында облыс республикада мал бордақылау бойынша ең үлкен әлеуетке ие. Бір уақытта 32 мың бас ірі қара мал ұстау мүмкіндігі бар. Бұған бордақылау алаңдарын, 10 мың басқа кеңейту есебінен қол жеткізілді. 5 мың бас ірі қара малға арналған тағы бір бордақылау алаңы құрылуда. Жалпы, ауыл шаруашылығы секторына инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты",- деді Ермек Маржықпаев.

Бұдан бөлек, ол өңірдегі шағын және орта бизнес саласының дамуына тоқталды.

"Бизнестің жол картасы-2020"  бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам жоба қолдау тауып,  15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. "Еңбек"  жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша,  жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 100-нан астам грант бөлінді,  782 адам грант алды. Сонымен қатар,  "Жас кәсіпкер"  жобасы қолға алынды. Аталған жоба шеңберінде 950 адам оқудан өтіп,  стартап жобаларға 200-ге жуық грант бөлінді. Шағын несиені қаржыландыру 4,7 млрд теңгеге дейін өсті",- деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, ол келесі жылы Көкшетау қаласында Ресей мен Қазақстан арасында үлкен форум өтінін айтты.

"Осыған дейін Ресей премьер-министрі екі рет келіп кетті Қазақстанға. Кездесу барысында да келер жылы өтетін форумның мәселелері талқыға салынды. Қазір архитектураны дамыту, жолды реконструкциялау бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Болашақ сарайы ғимараты салынуда. Форум аталған ғимаратта өтетін болады. Ол IT технологиялармен, спорт залдарымен жабдықталады. Осы форумның арқасында осындай керемет, балаларға пайдалы орталық салынып қалатын болды",- деді өңір басшысы.

Назерке Сүйіндік 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды