• Басты
  • Е.Досаев: Коронавирустың әлемдік экономикаға әсері жағдайды күрт өзгертті
10 Наурыз, 2020 10:29

Е.Досаев: Коронавирустың әлемдік экономикаға әсері жағдайды күрт өзгертті

Коронавирустың таралуы әлемдік экономикаға әсер етіп, жағдайды күрт өзгертті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Е.Досаев: Коронавирустың әлемдік экономикаға әсері жағдайды күрт өзгертті

Оның сөзiнше, биыл екінші айда инфляция 0,6 пайызды құраған.

"Ағымдағы жылдың ақпан айында инфляция 0,6 пайыз болды. Жылдық мәнде 6 пайызға дейiн өсті. Негiзгi үрдiс азық-түлiк тауарлар бағасы өсуінің 8,6 пайызға дейін күтiлген баяулауы болды. Инфляцияның жылдамдауы азық-түлiкке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерін тиiсiнше 5,4 пайызға және 3,2 пайызға дейін қымбаттауы нәтижесінде орын алды. Ағымдағы жылы ақпанның көп бөлiгiнде теңге шетел валютасының әкелiнуi, экспорттаушылардың валюталық түсiмдi сатуы мен бюджетке кепілдік берiлген транслиттердің үшiн ұлттық қор валюталық активтерiн конвертациялау аясында нығая түстi", - деді ол.

Сонымен қатар ол былтырғы жылдың соңында Қытайдан бастау алып, әлемге таралған коронавирус iндетiнiң әлемдiк экономикаға әсерiне тоқталды. Сондай-ақ ОПЕК+ отырысының қатысушылары мұнай өндiруді қысқарту бойынша мәмiленiң талаптары туралы келiсе алмағанын атап өттi.

"Ағымдағы жылы 24 ақпанда коронавирустың әлемдiк экономикаға таралу әсерінің күшеюi aясында жағдай күрт өзгердi. Ағымдағы жылы 6 наурызда ОПEК+ отырысының қатысушылары мұнaй өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талaптары туралы келiсе алмады. Ресей өндiрудi төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы биыл 8 наурызда әлемнің барлық елдеріне өз бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулiгiне ағымдағы 9,7 миллион баррельден 12 миллион баррельге ұлғайтуға дайын екені туралы шешімiн хабарлады", - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясының бұл шешiмi мұнай бағасының төмендеуiне әсер еткен.

"Бұл әлемдiк мұнай бaғасының айтaрлықтау төмендеуіне aлып келді. Ағымдағы жылы 9 наурызда бренд маркалы мұнай әлемдік нарықтарда 1 баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары шеңберінде саудaланды. Алдыңғы күнмен салыстырғaнда төмендеу 30 пайыздан асты. Ағымдағы жылы 9 наурызда офшорлық нарықтардағы рубльдiң әлсiреуi мұнай бағасының құлдырауы аясында ең жоғарғы мәндерде 1 АҚШ доллары үшін 75,4 Ресей рубльге дейiн шамамен 10 пайызды құрaды. Ағымдaғы жылы 9 нaурызда сауда-сaттық ашылған кезде S&P 500 индексі 7 пайызға төмендедi. Одaн кейін сауда-сaттық уақытшa тоқтады", - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасы.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды