- Басты
- Е.Досаев: ЕАЭО-ға мүше елдердің қаржы нарығындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім әзірленді
Е.Досаев: ЕАЭО-ға мүше елдердің қаржы нарығындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім әзірленді
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім әзірленді. Бұл туралы мәжілісте өткен пленарлық отырыста ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Пленарлық отырыста Ерболат Досаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын ұсынды. Оның айтуынша, келісім 2014 жылы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одағы туралы шарттың 70-бабына сәйкес әзірленген.
"Келісімде ортақ қаржы нарығын құру мақсатында халықаралық келісімді әзірлеу және қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру көзделген. Ортақ қаржы нарығын құру банк сақтандандыру секторында және бағалы қағаздар нарығындағы қызмет көрсету секторында лицензияларды өзара дамуды, қаржы нарығына кіруді қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеуді жетілдіруді және қаржы нарықтарындағы бақылау мен қадағалуды жүзеге асыру көздейді", - деді Досаев.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, аталған келісімді жүзеге асыру үшін 7 бағыт айқындалған.
"Бірінші, қаржы нарықтарына қатысушыларға оларға құруға, қалыптастыруға, және қызметіне қатысты келісілген талаптары. Екінші, халықаралық стандарттарға сәйкес қаржы нарағы саласындағы тәуекелдерді реттеу, үшінші, қадағалау талаптары мен қаржы нарығының қатысушыларына қадағалуды жүзеге асыру тәртібі. Төртінші, лицензияларды өзара тануға талаптар. Бесінші, қаржы нарығы саласындағы аұпаратты жария етуге талаптар. Алтыншы, мүше мемлекеттер инвесторларының қаржы нарығына қатысушылардың жарғылы капиталды, үлестерді, акцияларды иеленуі. жетінші, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі талаптар", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Сонымен қатар Ерболат Досаев келісімде үйлестіруді жүргізу тәртібі айқындалғанын атап өтті. Оның айтуы бойынша, аталған келісім күшіне енгеннен кейін тоғыз ай ішінде үйлестіру жоспары әзірленбек.
"Онда үйлестіруді жүргізу кезеңдері мен мерзімдері көрсетіледі. Заңнаманы үйлестіру жөніндегі келісілген ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бекітеді және халықаралық келісімдерді қабылдау арқылы ұлттық заңнамаға енгізілетін болады. Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің бірінің заңнамасы үйлестіру өлшем шарты болмайтынын атап өткен жөн. Үйлестіру халықаралық қағидаттар мен стандарттармен немесе ең үздік халықаралық практика негізінде жүргізіледі", - деді Досаев.
Сондай-ақ ол заңнаманы үйлестіруді 2025 жылы аяқтауды жоспарланғанын айтып өтті. Осылайша, оның айтуынша, бұл келісім қаржы ұйымдарының Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің өзара нарықтарына кіру үшін кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді деді ол.
Назерке Сүйіндік
-
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қсылды. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен ұлттық комиссия отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 18:18
-
А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:29
-
Сенаторлар банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын қарады
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 15:34
-
"Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды
Диснейдің "Мұзды өлке 2" мульфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Бұл - "Өзіңнен баста" жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылып, дыбысталған голливудттың 33-өнімі. Аталған жобаны қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл туралы "Мұзды өлке 2" анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімінде "Болашақ" қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:08
-
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады
Нұр-Сұлтанда «Орталық Азиядағы өркендеу үшін кеңейтілген интеграция» тақырыбындағы аймақтық конференция барысында Еуропалық одақ жалпы сомасы 28 миллион еуро көлемінде қаржыландыратын Орталық Азиядағы сауда, заң үстемдігі, сондай-ақ инвестициялар мен өсуді қолдауға бағытталған үш жылдық бағдарламаларының ресми түрде іске қосты. Еуропалық Одақ ұйымдастырған екі күндік іс-шара Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы аймақтық интеграцияны және 2019 жылғы маусымда қабылданған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын ілгерілетуге бағытталған, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 13:41
-
Т. Дүйсенова Қазақстандағы еңбек нарығының дамуы туралы айтты
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова Дубай қаласындағы VI Білім саммиті аясында өткен «Тұрақты үкіметтер» сессиясы барысында Қазақстандағы еңбек нарығын жаңғырту туралы баяндады.
20 Қараша 2019, 16:57
-
ҚХА: «БАҚ және қоғамдық келісім» медиа форумы өтті
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық медиа форумы шетелдік сарапшылар мен отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен биыл «БАҚ және қоғамдық келісім» деген тақырыппен төртінші мәрте өтті. Форум қорытындысында БАҚ арасындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
13 Қараша 2019, 18:08
-
Қазақстан мен Түркия теміржол тасымалын дамыту туралы меморандумға қол қойды
Стамбұл қаласында (Түркия) өткен қазақстандық-түркиялық бизнес форумы шеңберінде «KTZ Express» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) мен Pasifik Eurasia Lojistik Dış Ticaret A.Ş арасында Қазақстан аумағы арқылы «Оңтүстік дәлізі» бойынша тасымалдарды дамытуға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
13 Қараша 2019, 12:29
-
Кәсіподақтар федерациясы еңбек туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
Елордада жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалары талқыға түскен "Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету" деген атпен семинар өтті. Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Жұмагельдиева Гүлнара өндірістегі жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету үшін Кәсіподақтар федерациясының еңбек туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
07 Қараша 2019, 12:54
-
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Қараша 2019, 17:54
-
Н. Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуға тиіс
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
06 Қараша 2019, 15:01
-
Биыл жастарды қаржыландыру 40 есеге өсті – Д.Абаев
Биыл жастарды қаржыландыру 40 есеге өсті.Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкіметтік сағатта Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді,деп хабарлады Strategy2050.kz.
04 Қараша 2019, 12:55
-
Б.Сапарбаев: Әлеуметтік салаға 3 трлн 400 млрд теңге қаржы бөлінді
Еліміздің астанасында "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" республикалық көрмесі өтті. Үздік әлеуметтік жобаларды марапаттау салтанатына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік сала қызметкерлерін марапаттаады. Сондай-ақ биыл әлеуметтік салаға 3 трлн 400 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
01 Қараша 2019, 19:49
-
Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Сенат Төрағасы Д.Назарбаева облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.
01 Қараша 2019, 10:33
-
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
30 Қазан 2019, 16:41
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды