• Басты
  • Е.Біртанов: Елімізде коронавирус жұқтырған науқас тіркелген жоқ
30 Қаңтар, 2020 17:18

Е.Біртанов: Елімізде коронавирус жұқтырған науқас тіркелген жоқ

Қазіргі таңда елімізде  короновируспен ауыратын бірде-бір науқас тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордада өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Е.Біртанов: Елімізде коронавирус жұқтырған науқас тіркелген жоқ

"Еліміздің кейбір өңірлерінде  коронавирус ауруымен науқастар тркелді деген жалған ақпараттар тарап жатыр. Қазіргі таңда елімізде бірде-бір короновируспен ауыратын науқас тіркелген жоқ. Бұған дейін белгілі болғандай, температурамен, жалпы вирустық инфекциямен бақылауда жатқан азаматтар бар. Алайда БҚО-дағы екі студент туралы ақпарат жалған. Сол сияқты Семей, Алматы қалаларында да осындай ақпараттар шығып жатыр. Бұл ақпараттың бәрі жалған", - деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар министр өз сөзінде қаңтар айының 6-нан бастап елде санитарлық шаралар енгізілгенін айтып өтті.

"6 қаңтардан бастап біз ерекше санитарлық шаралар енгіздік. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік деңгейде комиссия құрылып, жоспар жасалды. Халықты инфекциядан қорғау мәселесі бойынша біріншіден, ҚХР-мен шекарада санитарлық қорғау күшейтілді. Барлық келген азаматтар ерекше күшейтілген санитарлық тексеруден өткізілуде. Қазіргі таңда 20500 адам шекарадан өтті. Олардың 19989-ы - Қазақстан азаматтары, ал 526-ы - шетелдік азаматтар. Шекарадан өткен барлық азамат тексерістен өтеді", - деді ол.

Сондай-ақ министр шеттен келген қазақстандық және шет мемлекет азаматтарының жағдайына тоқталып өтті. 

"Бұл азаматтар тұратын жерді толық монитирингке алып жатырмыз. Қазіргі уақытта олардың 78 пайызы бізде тіркеуде. 15738 азаматпен жергілікті емханаларда байланыс бар. Осы азаматтардың  және шетелден келген азаматтардың арасында жоғары температурамен және басқа да симптомдармен 54 азамат ауруханаға жеткізілді. Олардың диагноздары осы вирустық инфекцияға байланысты және мүмкін короновирус ауруымен байланысты ауруханаларға жатқызылып, олардың арасында 16 науқасқа диагноз қойылып, емделіп, ауруханадан шығарылды. Қазіргі күні бүкіл ауруханаларда 38 науқас емделуде. Барлық науқастардан ерекше лабораториялық анализдер алынды. Қазір диагностика өткізілуде", - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар министр қазір Қытай Халық Республикасындағы короновирусқа баланысты әлемде төтенше жағдай жарияланып отырғандығын атап өтті. 

Айта кетейік, қазір дүниежүзі бойынша 7711 науқас тіркелген, 170 адам қайтыс болды. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды