• Басты
  • Е.Белялова: Мемлекет пен халықтың қолдауы дәрiгерлерге жiгер береді
14 Сәуір, 2020 14:40

Е.Белялова: Мемлекет пен халықтың қолдауы дәрiгерлерге жiгер береді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Мемлекеттiк комиссия пандемияға қарсы iс-шарaларға тaртылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешiмдi бекіткені белгілі. Содан бері коронавирус инфекциясымен күресіп, алғы шепте жүрген бірнеше дәрігер үстемe ақыны алып үлгерді. Солардың бірі - Ақмола облысы көпсалалы ауруханасы про­визорлық стационар бөімінің аға-медбикесі Елена Белялова. Оның сөзінше, осындай қиын кезеңде мемлекeт пен хaлықтың қолдaуы мeдицина қызметкерлеріне жiгер сыйлaйды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Е.Белялова: Мемлекет пен халықтың қолдауы дәрiгерлерге жiгер береді

Өз сөзінде Ақмола облысы көпсалалы ауруханасы про­визорлық стационар бөімінің аға медбикесі Елена Белялова ауруханадағы қызметіне тоқталып, осындай төтенше жағдай кезінде дәрігерлердің назардан тыс қалмай, үстеме ақыға ие болғаны үшін мемлекет басшысына алғысын білдірді.


"Бұл провизорлық бөлімше жаңадан ашылды. Үлкен бөлімше болғандықтан, қатарымыз жаңа мамандармен толықты. Олармен жұмыс істеу қызықты. Осыдан бірер күн бұрын біздің дәрегерлер, медицина қызметкерлері барлығы үстеме ақыны алды. Осынау қиын-қыстау кезеңде мемлекет басшысының, үкіметтің бізді елеп, ескеріп, жұмысымызды бағалағаны қуантады. Медициналық қызметте жүргеніме бірнеше жыл болды, мұндай үстемақыға бірінші рет ие болып отырмын. Өзім үшін де өте қуаныштымын. Осындай қиын кезде бізді де назарынан тыс қалдырмаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мың алғыс. Бізді үнемі қолдап отыратын әріптестеріме, қазақстандықтарға рахмет", - деді про­визорлық стационар бөімінің аға-медбикесі.


Сонымен қатар ол провизорлық бөлімшенің барлық медицина қызметкерлері карантинде екенін атап өтті. Оның сөзінше, үкімет оларды жатаханмен қамтамасыз еткен. 


"Біздің бөлімшенің дәргерлерінің барлығы қазір карантинде. Біз жұмысымзды істейміз, бірақ ешкім үйіне бармайды. Отбасымыз үшін, балаларымыз үшін осындай қадамға бардық. Көпшілігінің егде жастағы ата-анасы, кішкентай балалары бар. Міне, сол үшін біз жұмысымыздан басқа уақытта карантиндеміз. Үкімет бізді жатаханамен қамтамасыз етті. Барлық жағдай жасалған. Бізді өздері жұмысқа жеткізеді және өздері алып қайтады", - деді Елена Белялова.

Сондай-ақ ол азаматтарды үйде қалып, карантиннің ережелерін сақтауға, талаптарын орындауға шақырды.


"Қазақстандарды үйде отыруға, карантиннің барлық тараптарын орындауға шақырамын. Сіздер үйде отырсаңыздар, артық ешқайда шықпасаңыздар, біздің де жұмысымыз аз болады. Әр азамат үйде отыруы арқылы өзінің, тума-туыстарының, достарының өмірін сақтап, пандемияның тезірек аяқталуына үлес қоса алады. Үйде отырыңыздар", - деді ол. 


Айта кетейік, жалпы наурыз, сәуір және мамыр айларында 26 мыңнан астам медицина қызметкерлері үстемақы алады деп жоспарланған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз мәжілістерінің бірінде мемлекет бұған 33,8 млрд теңге қаражат бөлгенін атап өткен еді.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100