- Басты
- Е.Бекхожин: Ержан Максим Қазақстанның ғана емес, барлық түркі әлемінің намысын қорғайды
Е.Бекхожин: Ержан Максим Қазақстанның ғана емес, барлық түркі әлемінің намысын қорғайды
Биыл Қазақстан Польшаның Гливице қаласында өтетін халықаралық "Junior Eurovison Song Contest" ән байқауына екінші рет қатысады. 24 қарашада аталған ән додасында еліміздің ғана емес, барлық түркі әлемінің атынан жас әнші Ержан Максим өнер көрсетеді. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Биылғы жарысқа 19 ел қатысады. Атап айтсам, олардың қатарында Албания, Армения, Австралия, Беларусь, Польша, Франция, Грузия, Ирландия, Испания, Италия, Қазақстан, Мальта, Солтүстік Македония, Португалия, Ресей, Сербия, Нидерланды, Украина мен Уэльс бар. Ержан Максим еліміздің намысын лайықты дәрежеде қорғайтынына сеніміміз мол. Сонымен қатар оның бар әлемге Қазақстанда талантты жастардың өсіп келе жатқандығын дәлелдейтініне күмәніміз жоқ", - деді" Хабар" агенттігінің Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.
Сондай-ақ басқарма төрғасының айтуынша, Ержан Масим аталған конкурста тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің намысын қорғамақ.
"Біз оған ел болып дауыс беру керекпіз. Әзірбайжан мен Түркияның атынан биыл аталған ән додасына ешкім қатыспайды. Сол себепті Ержан тек Қазақстанның ғана емес, барлық түркі әлемінің намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ біз Ержанның әні менбасқа да елдердің балалары айтатын әндерді салыстырып көрдік. Алайда олардың көпшілігі ересектерге арналған әнге ұқсайды. Ал бұл балаларға арналған байқау болғандықтан, біздікі нағыз балаларға арналған арманға жетелейтін ән", - деді ол.
Ал жиынға қатысқан "Хабар" Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары ринат Кертаев қазақ халқын аталған ән додасында Ержанды қолдап дауыс беруге шақырды.
"Ержан бүкіл елдің үмітін ақтап, үлкен бір белесті бағындырып келеді сенімдеміз. Барлығымыз тілекші болайық. Дауыс беру 22 қараша күні түнгі 12- де басталады, 24 қараша күні гала концерттің соңына дейін дауыс беру жалғасады. Тек қазақстандықтар ғана емес, әлемнің түкпіріндегі Ержанның жанкүйерлері junioreurovision.tv сайты арқылы дауыс бере алады. Бұл елімізді әлемге танытатын халықаралық ең үздік шара болғандықтан, бірлігімізді осындай дүбірлі додаларда көрсетуіміз кеерк. Ел жұрт екенімізді осындай додаларда көрсетуіміз қажет. Хабар арнасының тікелей эфирінде 24 қашараша күні сағат 21:00-де көрсетіледі", - деді Кертаев.
Сонымен қатар ол халықаралық "Junior Eurovison Song Contest" ән байқауында Ержан айтатын әнге тоқталды.
"Әннің авторы композитор Хамит Шанғалиев, ал мәтінін жазғандар - Данияр Алдабергенов пен Тимур Балымбетов. "Арманыңнан қалма" деп аталатын ән кез келген адамға арманға ұмтылу керектігін, арманға жетер жолда қанша қиындық кездессе де жеңіп шығуға үндейді. Бейнеклип бір айдан бері "Хабар" агенттігіне қарайтын телеарналарда көрсетіліп жатыр. Әлем жұртшылығы тарапынан үлкен бір қызығушылыққа ие болады деген сенімдемін", - деді ол.
Бұдан бөлек Ринат Кертаев қазақстандық кәсіпкерлер тарапынан аса бір қолдау болмағанын атап өтті.
"Мемлекет берілетін қаражат шектеулі болғандықтан, қосымша халықаралық шығындарды көтеретін демеушілерді іздегенбіз. Шынын айту керек, алғашында көптеген кәсіпкерлеріміз қаржы жағынан қолдау білдіретінін айтқан болатын, ал іске келгенде жанымыздан табылмады. Тек "Сарыағаш" сумаркасы өзінің патриоттығын көрсетіп қолдау білдірді, алғысымыз шексіз", - деді ол.
Ал конференцияға қатысқан Ержан болса, дайындығының керемет екендігін және халық алдында жауапкершілігін сезінетінін жеткізді.
"Дайындығым өте керемет. Алматы қаласында күніне екі сағатты дайындыққа жұмсаймыз. Бірінші вокал бойынша, сосын сосын өз әніме дайындаламыз. Елдің атынан шығатыным үшін кішкене қобалжулымын. Мен қазірге дейін Польша, Португалия және Австралия елдері өкілдерін ғана қарап шықтым. Олар ұнады маған. Елдің алдындағы жауапкершілікті сезінемін", - деді жас әнші.
Айта кету керек, көрермендердің дауыс беруі junioreurovision.tv сайтында байқаудың финалына дейін 23-24 қараша күндері өтеді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін де көрермендерге сүйікті әншілеріне дауыс беруге қосымша 15 минут уақыт беріледі. Ал ереже бойынша, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесімен қатар байқауға қатысушы елдерден үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған 5 төреші анықтайтын болады.
Сонымен қатар, айта кетейік, былтыр аталған ән байқауында Қазақстан атынан Дәнелия Төлешова шыққан болатын. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, ол үшінші орынды иеленді. Ал көрермендер мен төрешілердің дауыс беру нәтижесі бойынша алтыншы орынды алған еді.
Назерке Сүйіндік
-
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
04 Желтоқсан 2019, 16:08
-
Қазақстанның Елшісі ҚХР Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды.
04 Желтоқсан 2019, 12:18
-
Фермерлерге субсидия бойынша барлық қарыздар төленетін болды
ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдында өз міндеттемелерін орындауда. Осы уақытқа дейін жылдан жылға ауысып мал шаруашылығы және инвестициялық субсидиялар бойынша жиналып қалған қосымша қажетті қаржы толық көлемде төленетін болды.
03 Желтоқсан 2019, 18:07
-
Түркістан облысының даму ахуалы қалай жүзеге асырылуда
Түркістан облысы қарқынды дамып келе жатқан басты облыстардың бірі. Өңірде жаңа технологиялар кіріктіріліп, рухани іс-шаралар да жиі өткізіліп тұрады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 15:21
-
Түркістанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форум өтті
9 желтоқсан - «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» деп белгіленген болатын. Осы айтулы күн қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан облысы әкімдігі және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік халықаралық тәжірибелер» тақырыбында Түркістанда алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық Түркістан форумы» өтті.
22 Қараша 2019, 15:50
-
Ташкент пен Түркістан ынтымақтастық меморандумға қол қойды
Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 –ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды.
21 Қараша 2019, 18:16
-
Қазақстанның мақсаты – әлемдік үрдістен қалып қоймау – Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы елордадағы инновациялық экожүйе нысандарымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
20 Қараша 2019, 16:22
-
«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» дауыс беру мерзімі ұзартылды
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» үшінші кезеңінің дауыс беру мерзімі 25 қарашаға дейін ұзартылды.
19 Қараша 2019, 17:04
-
Түркістанда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде
Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан-қала әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты.
11 Қараша 2019, 09:29
-
Елбасы Түркістанда БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Елбасы журналистер алдында сөйлеген сөзінде Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өтті.
05 Қараша 2019, 17:43
-
Елбасы Түркістандағы бірқатар нысанды аралады
Елбасы Түркістан қаласындағы бірқатар нысанды аралады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттер парақшасына жазды.
05 Қараша 2019, 11:42
-
Түркістан облысында әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге
Түркістан облысы бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы - 71,5 теңге көлемінде. Ал Түркістан қаласында арнайы дүкендерде 75 теңгеден сатылуда. Бүгін бұл туралы арнайы рейдтік шара аясында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді.
31 Қазан 2019, 16:53
-
Түркістан облысында 20 отбасы пәтерлі болды
Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жасқа толуына орай өткен дүбірлі тойға ҚР Премьер-Минстрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Аудан орталығы Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға келген билік басшылары халыққа құттықтауларын жеткізді.
28 Қазан 2019, 09:48
-
Ө.Шөкеев Түркістанның құрылыс нысандарын аралады
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
22 Қазан 2019, 17:49
-
Қазақстандағы интернет контенттің 12 пайызы ғана қазақ тілінде дайындалады
24 қазанда елімізде тұңғыш рет "Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі" деген атпен республикалық тіл форумы өтетіні белгілі. Осыған байланысты елордада аталған форумның өту барысы, мақсаты мен онда көтерілетін мәселелер жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға қатысқан Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Анар Фазылжан Қазақстандағы интернет контенттің 12 пайызы ғана қазақ тілінде дайындалатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қазан 2019, 16:26
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды