- Басты
- Жаңалықтар
- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушылары болды. 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 15,2 мың адам жіберілді.
5,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 20,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 155,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 16,6 мың адам; жастар практикасына – 21,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 117,4 мың адам.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 342 отбасы немесе 4 571 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 952 адам еңбекке қабілетті жаста болып табылады. Оның ішінде 1 329 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 111 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 5 адам оқуға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.
Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары

