• Басты
  • Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

28 Шілде, 2021 11:52

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 564 кәсіпорнында 14,4 мың жұмыскердің алдында 3,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 64,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,2 млрд теңге төленді.

Барлық жаңалықтар