• Басты
  • «Еңбек» бағдарламасына қосымша 123 млрд теңге бөлінеді – Б.Нұрымбетов
17 Наурыз, 2020 09:49

«Еңбек» бағдарламасына қосымша 123 млрд теңге бөлінеді – Б.Нұрымбетов

«Еңбек» бағдарламасына қосымша  123 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік даму министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«Еңбек» бағдарламасына қосымша 123 млрд теңге бөлінеді – Б.Нұрымбетов

«Осы күнге дейінгі нарық жағдайы тұрақты болғанымен сыртқы нарықта қалыптасып жатқан факторларға қатысты еліміздің  еңбек нарығының тұрақтылығына қауіпті  тәуекелдер болуы байқалады. Оның ішінде жұмыс орындарының босауы, жаңа жұмыс орындарының азаюы, жұмыс деңгейінің өсуі қатерлері. Елімізде жаппай жұмыс орындарын құруға бағытталған жол картасы әзірленіп жатыр. Жол картасында  2009-2010 жылдары оң нәтижесін берген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шаралары көзделеді», - деді ол.

Министр айтқандай, әлеуметтік –мәдени нысандар, білім беру, ойын –сауық, демалыс, спорт, мәдениет нысандарын қайта құрылымдау мен жөндеу жүзеге асырылады.

«Тұрғын-үй коммуналдық нысандарын жөндеу, күрделі, орташа және барыншы жөндеу. Бұл газбен,жылумен, сумен жабдықтау жүйелері. Инженерлік көлік-инфрақұрылым орташа жаңғырту және жөндеу, жолдар мен бөгеттер, дамбалар және көпірлерге тиісті», - деді ол.

Сонымен қатар, министр инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмыскерлердің  50 пайызы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартылады.

«Отандық тауарлар өндірушілерді  қолдау мақсатында  жобаларды іске қосқанда тауарлық қызмет көрсететін үлес 90 пайыздан кем болмауы керек. Жұмыскерлердің жалақысы  85 мыңнан аз болмауы тиіс», - деді ол.

Министр Жол картасы және бүгін ұсынылған  шаралар аясында қосымша 200 мың жұмыс орны ашылатынын айтты.

« «Еңбек» бағдарламасы әлеуметтік әлеуетін барынша толық пайдаланады.  Биыл бағдарлама бойынша  735 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Оған республикалық және жергілікті  бюджеттен  123 млрд теңге көзделген. Бағдарламаны жетілдіру аясында қосымша  әлеуметік осал топтарға грант пен несие беру тәртіптері жеңілдетілді. Қосымша қаражат бөлінген жағдайда тағы да  46 мың азаматты тартуға мүмкіндік болады. Кәсіпорындарға   жұмыскерлерді алу мен жұмыстан босату  бойынша мониторинг жүргізілетін болады. Кәсіпорындар еңбекақы берешегіне ұрынбауы үшін бақылауда ұсталатын болады. Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға арналған тиісті шаралар әзірленді», - деді ол.



Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар