• Басты
  • Еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі
26 Қараша, 2019 11:05

Еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі

Еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі. Бұл туралы  үкіметтің кезекті отырысында баяндама жасаған ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі

Министрдің айтуынша, түзетулер енгізілген заң жобасы шетелдік мамандардың санын азайтуды, оларды қазақстандық мамандармен ауыстырып, Қазақстан азаматтарының санын арттыруды көздейді.

"Олар әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге және шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға жыл сайын тексеру жүргізуге, жыл сайынғы квоталар көлемін жұмысшы мамандықтар бойынша шетелдік персоналды тартуды қысқартуға, үшінші және төртінші санат бойынша тартылатын шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық кадрлармен ауыстыру бойынша жұмыс берушінің міндеттемелерін енгізуге бағытталады. Бұл ретте өңірлер әкімдіктеріне шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны еңбек нарығын жан-жаұты зерделеуді жүргізгеннен кейін қалыптастыруды және кадрларды жергілікті қамтуды ұлғайтуды қамтамасыз етуі тиіс", - деді ол. 

Сонымен қатар Нұрымбетовтың сөзіне сүйенсек, қабылданған шараларды күшейту мақсатында бүгінгі таңда еңбек инспекторларының ұйғарымын сот орындаушыларының атқару құжаттарының тізбесіне енгізу, жұмыс берушілердің жалақы төлеуі үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ ол соңғы жылдары еңбек жанжалдарының саны 3 есеге төмендегенін атап өтті.

"Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу үшін үкіметпен бекітілген әлеуметтік шиеленістерді болдырмау бойынша кешенді жоспар аясында жүргізілуде. Еңбек тәуекелдері картасы шеңберінде қараша айында мониторингпен 170 мың жұмыскері бар 359 проблемалық кәсіпорын қамтылды. Бұл ретте жоғары тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау оюлыстары бар. Соңғы жылдары еңбек жанжалдарының саны 3 есеге төмендеді. Ағымдағы жылдың басынан бері республика бойынша 9 еңбек қақтығысы орын алды. Олардың жетеуі еліміздің батыс өңірлерінде шетелдікердің қатысумен мұнай-газ және мұнай сервистік кәсіпорындарда болды", - деді министр.

Министрдің айтуынша, қақтығыстардың орын алуына жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру, жергілікті және шетелдік жұмыскерлерге қатысты еңбек пен тұрмыстық жағдайлардың теңсіздігі себеп болған.

Сонымен қатар Нұымбетовтың сөзіне сүйенсек, кәсіпорындардың 100 пайызға жуығында ұжымдық шарттардың болуына қарамастан, еңбек жанжалдары орын алып тұрады.

"Еңбек жанжалдарын алдын алудың маңызды құралдарының бірі - жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында өзара қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік беретін ұжымдық шартты жасасу болып табылады деп санаймыз. Бүгінгі күні ірі және орта кәсіпорындардың 97 пайызында ұжымдық шарттармен қамтылуына қарамастан, еңбек жанжалдарының пайда болуы сол ұжымдық шарттардың сапасы мен мазмұнының төмендігін көрсетеді. Осында жұмыскердердің бірлестігі кәсіподақтар белсенділік танытуы тиіс деп санаймыз", - деп атап өтті министр.

Бұдан бөлек Нұрымбетовтың айтуы бойынша, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардағы жұмыскерлердің 96 пайызы қазақстандықтар. 

"Қазіргі таңда шетелдік жұмыс күшін тартатын 2200 кәсіпорын бар. Оның ішінде қазақстандықтардың үлесі 96 пайызды құрайды. Жоғарыда көрсетілген еңбек дауларының себептерін ескере отырып, ел  президентінің тапсырмасы бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп 30-дан састам шетелдік жұмыс күшін тартатын 95 кәсіпорындарға қатысты тексеруді аяқтадық. Нәтижесінде еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 930 факті анықталып, жойылды. 474 шетелдік және жергілікті жұмыскерлер жалақысының айырмашылығы анықталып, сәйкестендірілді. Тексеру нәтижелері бойынша 681 рұқсаттама кері қайтарылып, 393 шетелдік жұмыскер елден шығарылды", - деді ол. 

Сонымен қатар министрдің сөзіне сүйенсек, өндіріс орнында зардап шеккен не қайтыс болғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайған.

"Ағымдағы жылдың он айында өкінішке орай өндірісте 1069 адам зардап шекті. Оның ішінде 129 адам қайтыс болды. Бұл 2018 жылға сәйкес кезеңімен салыстырғанды 13 және 23 пайызға төмен. Дегенмен экономика саласы бөлігінде өндрістік жарақаттың жоғарғы деңгейі тау-кен металлургия кәсіпорындарында және құрылыс саласында сақталуда. Өндрістік жарақаттанудың өсуі - Ақмола, Жамбыл облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады", - деді ол.

Сондай-ақ ол белгіленген проблемалық мәселелерді шешу үшін қабылданған шараларға тоқталды. 

"Еңбек инспекторларының талабы бойынша еңбек қауыпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін 47 лауазымды адам атқарып отырған қызметінен босатылды. 11 құрал-жабдық, 2 өндірістік нысан және 7 ұйымның жұмысы тоқтатылды. 820 іс құқық қорғау органдарына беріліп, 116 қылмыстық іс қозғалды", - деді министр.

Бұдан басқа министрдің айтуынша, бүгінгі күні 2300 кәсіпорын еңбек қаупсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізген, ал 15 мыңнан астам кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер жұмыс істеуде. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды