• Басты
  • ДСМ зертханасы коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді
21 Мамыр, 2020 12:36

ДСМ зертханасы коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

Вирустық инфекцияларды бақылау референс–зертханасы бүгінгі күнге дейін COVID-19-ға шамамен 10 000 зерттеу жүргізді. Зертхананың тәуліктік қуаттылығы 300 үлгіні құрайды және өткізу қабілетін тәулігіне 3000 үлгіге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
ДСМ зертханасы коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

Референс зертхананың негізгі міндеті - референстік, арбитраждық, верификациялық зерттеулер жүргізу және үлгілерді қайта тестілеуден өткізу.

Референс зертханада COVID-19 зертханалық диагностикалау үшін верификацияланған тест-жүйелер, нәтижелерді растау үшін - ДДСҰ валидацияланған жиынтықтар пайдаланылады.

Сонымен қатар референс-зертхана Тұмау бойынша ұлттық орталық болып саналады және ДДСҰ-мен, сондай-ақ ТМД елдеріндегі Тұмау ұлттық орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын белсенді атқарады. Бұдан басқа зертхана мамандары республикадағы COVID-19-ға тест жүргізетін зертханаларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ әртүрлі инфекциялар бойынша сапаны сырттай бағалаудың Ұлттық бағдарламасын жүзеге асырады. 


Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100