- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
Бүгін үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов елдегі эпидемиологиялық жағдай, халықты ревакцинациялау науқаны, сонымен бірге жаңадан пайда болған коронавирустың соңғы штамынының таралуын болдырмау мақсатында қолға алынған шаралар туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ауру жұқтырғандар саны 2,8 есеге азайды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада ПТР сынамасы оң нәтиже берген 971 541 коронавирустық инфекция жағдайы және ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 82 550 жағдай тіркелген. Науқастардың 95%-дан астамы жазылып шықты. Ал, репродуктивті саны 0,91, ал тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе азайған.
Марат Шорановтың айтуынша, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы қызыл аймақта қалып отыр. Ал, 5 облыс, атап айтқанда Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта. Қазақстан Республикасы және қалған 11 облыс жасыл аймақта.
«Жалпы, Қазақстанда соңғы бір айда аурушаңдық көрсеткіші 2,8 есеге, стационардағы емделушілер саны 1,5 есеге, амбулаториялық науқастар саны 2 есеге азайған», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, республикада 1 тамыздан бастап жұқпалы төсек орындарының жұмыспен қамтылу көрсеткіші 56-дан 29%-ға, реанимациялық төсек-орындары 45-тен 23%-ға төмендеген. Ал, резервте 30 мыңнан астам төсек бар.
8 млн адам толықтай вакцина алды
Сонымен қоса, Марат Шоранов 1-компонент бойынша 8,7 миллионнан астам адам егілгенін, емделуші ересек тұрғындардың 76,6%-ы немесе барлық халықтың 46,2%-ы, ал екінші компонент бойынша 8 миллионнан астам адам екпе салдырған. Ересек тұрғындардың 70,8%-ы немесе барлық халықтың 42,7%-ы.
«Қазақстан Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасын алды. Бүгінгі таңда 62 707 жасөспірім мен 17 015 жүкті және бала емізетін әйел егілді. Вакцинаны жеткізу апта сайын жалғасуда», - деді вице-министр.
Сонымен қатар, ол 22 қарашадан бастап республикада халықты ревакцинациялау басталғанын еске салып өтті. Бірінші кезеңде ревакцинация халықтың осал топтарын (медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингенті, заң қызметкерлері, құқық қорғау органдары қызметкерлері) қамтиды.
Жаңа штамның алдын алу шаралары
Бұдан бөлек, Марат Шоранов Omicron коронавирустық инфекция штамыны жаңа нұсқасының пайда болуын ескеріп, оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия биылғы 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шара қабылдауға шешім қабылдады.
Олар:
1. Ботсвана, Оңтүстік Африка, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Мадагаскар, Эсватини, Танзания және Гонконгтан келген шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына кіруіне шектеу қойылсын.
2. Омикрон нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар үшін вакцинацияға қарамастан, міндетті ПТР сынамасының болуын енгізу. Ол елдер қатарында Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Египет бар.
3. ПТР сынамасының нәтижесіне қарамастан, «Омикрон» анықталған елдерден келген адамдар 7 күн бойы өзін-өзі оқшаулауы керек (үй карантині).
4. Мысырға барған жолаушылар санының өсуіне байланысты (қарашада 13 мыңнан астам адам) және Бельгияда Египеттен келген адамда «Омикрон» инфекциясының болуына байланысты Қазақстан мен Египет арасындағы әуе байланысын тоқтату.
5. Қазақстан Республикасында айналымда жүрген коронавирустық инфекция штамдарын секвенирлеуді жалғастыру.

-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді

