- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов соңғы екі аптада елімізде эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып, тамыз айымен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендегенін мәлімдеді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Эпидемиологиялық жағдай
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың мәліметінше, елімізде 8 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 824 мыңнан астам науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 71 мыңнан астам жағдай тіркелген. Сонымен қатар, КВИ-мен ауыратын науқастардың 88%-ы оның ішінде оң нәтижемен 734 883 және КВИ-дың теріс нәтижесімен ауыратын 59 282 науқас сауығып шыққан.
Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен 12 өңір қызыл аймақта орналасқан. Соңғы аптада 4 аймақ сары аймаққа ауысқан.
«Олар ШҚО, Жамбыл, СҚО және Қызылорда облыстары. Жасыл аймата – Түркістан облысы тұр», - деді вице-министр.
Төсек-орын жүктемесі
Оның дерегінше, соңғы екі аптада елімізде эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтануда. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді.Сондай-ақ, соңғы айда елімізде коронавирустық инфекцияның таралу индексі 17% төмендеген. Осы ретте, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 56%-дан 36%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындар 45%-дан 36%-ға дейін азайған.
Вакциналау қарқыны
Сондай-ақ, ол жаппай вакцина алу науқаны аясында бірінші компонентпен егілгендер саны 7 миллионға жуықтағанын айтты. Бүгінгі күні вакцинаның 12,6 млн дозасы пайдаланылған. Оның ішінде бірінші компонентпен 6 928 мың адам егілген болса, бұл халықтың екпе алуға жататын тобының 69,5% құрайды.
«Қазақстанда КВИ қарсы вакциналау жалғасуда. Екінші компонентпен 5 755 мың адам қамтылды. Егу пункттерінде бірінші компоненттің шамамен 1 млн 540 мың дозасы және екінші компоненттің 880 мың дозасы бар», - деді вице-министр.
Вакцина алғандар арасында ауру деңгейі
Марат Шоранов коронавируспен бірнеше рет ауырғандардың санын атады. Оның мәлімдеуінше, коронавируспен қайталап ауырғандардың саны 23 мың адамдай болған.
«Былтырғы наурыздан бастап қайталап ауырып, емделгендердің саны осынша. Соның ішінде 3 200 адам стационарлық ем алғандар. Қалған 20 мың адам жеңіл формада ауырып, емхана деңгейінде ем алған», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова елдегі коронавирусқа қарсы қолданылатын вакциналардың тиімділігі туралы статистиканы мәлімдеді.
Оның айтуынша, вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін ауырғандардың үлесі 0,1% болса, екінші компонентін алғаннан кейін ауырғандардың үлесі – 0,2 %.
«Коронавируспен ауырғандардың статистикасын қарасақ, 99,9 пайызы вакцина алмағандар. Тек 0,1 %-ы ғана вакцина алғаннан кейін ауырған. Оның саны – 20 211 адам. Вакциналардың түріне қарай жіктесек, бірінші компонент алып ауырғандардың саны – 7 070 адам», - деді комитет өкілі.
Соның ішінде, «Спутник V» алған 6 108 адам (0,1 %). Бұл вакцинаны 5 млн 669 855 адам алған. QazVac вацинасын 172 707 адам алған. Оның ішінде 172 адам ауырған (0,1 %). Hayat-Vax алғандар саны - 529 349 адам. Оның ішінде 553 адам ауырған (0,1 %). CoronaVac екпесін алғандар арасында 218 адам ауру жұқтырған (0,1 %). Жалпы бұл вакцинаны алғандар саны - 249 373 адам.
Тұмауға қарсы егу басталады
Жиында вице-министр ЖРВИ яғни тұмау маусымына айрықша тоқталып өтті.Оның мәліметінше, биыл бюджет қаражаты есебінен Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 2,5 млн дозасы сатып алынған.
«Вакцина құрамында алдағы маусымға қарсы штамм бар. Бұл республиканың жалпы тұрғындарының 13%-ын қамтуға мүмкіндік береді. ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталады», - деді ол.
Оның сөзінше, осыған орай еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы қабылданған. Сондай-ақ, ол мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың ең әлсіз тобына вакцина егілетінін атап өтті. Олар медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және басқалары екен. Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің және халықтың жеке қаражаты есебінен де вакцина жүргізілетінін жеткізді.
Тұмауға қарсы ақылы егу жеке вакцинация орталықтарында және тұрғылықты жері бойынша емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.
«Тұмауға қарсы бұл вакцинаны жүргізетін медициналық мекемелердің мекен-жайын тұрғылықты жері бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен денсаулық сақтау басқармаларынан білуге болады», - деді Марат Шоранов
Оның айтуынша, ресейлік вакцинадан бөлек Қазақстан аумағында тағы 3 өндірушінің 4 вакцинасы тіркелген. Атап айтқанда, Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланды) мен Синовак Биотек (Қытай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.

-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді
-
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді
-
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді
-
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді
-
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді
-
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі
-
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді
-
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары
-
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді

