- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы баян етті. Сонымен қоса, ведомство басшысы елдегі вакцинация науқанының өту барысы, мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы коронавирус жұқтыру және Қазақстанға Pfizer вакцинасы дозасының жеткізілімі жөнінде айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Тәуліктік көрсеткіш 2 есеге төмендеді
Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес 4 өңір жоғары қауіпті аймақта, яғни «қызыл» аймақта орналасқанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы бір айда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.
«Қазақстан Республикасы мен 8 өңір жоғары қауіпті аймақтан орташа қауіпті аймаққа көшті. Үш аймақ орташа қауіпті аймақтан төмен тәуекел аймағына немесе «жасыл» аймаққа көшкенін атап өткен жөн. Атап айтсақ, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары», - деді министр.
Ведомство басшысының дерегінше, қыркүйек айының басымен салыстырғанда аурудың тәуліктік көрсеткіші 2,4 есеге төмендеген. Сондай-ақ, таралу индексі бір ай ішінде бірден төмен, жұқпалы төсектердің қамтылуы 39-дан 33%-ға дейін, реанимациялық кереуеттер көрсеткіші 40-тан 31%-ға дейін азайған. Сонымен қатар, министр ауыр науқастар санының төмендеуі байқалатынын, сондықтан соңғы айда ауыр және өте ауыр науқастардың саны 2 есеге азайғанын еске салып өтті.
9 мыңнан астам мектеп оқушысы және 1000-нан астам студент жұқтырған
Бұдан бөлек, министр биылғы оқу жылының басынан бері 9 мыңнан астам мектеп оқушысы коронавирус жұқтырғанын атап өтті. Оның сөзінше, жаңа оқу жылының басталуына байланысты күнделікті мониторинг жүргізіледі. Осы мониторинг нәтижесі бойынша, 9185 оқушының вирус жұқтырғаны анықталған.
«Бұл оқушылардың жалпы санының 0,26%-ын құрайды. Тексеріс барысында бұл оқушылармен 102 мыңнан астам адамның байланыс орнатқаны белгілі болған. Олардың 624-і оң нәтиже берді », - деді Алексей Цой.
Ал, министрдің мәліметінше, студенттер арасында 1282 жағдай тіркелген. Оның ішінде 935-і орта білім беру ұйымдарының студенттері арасынан болса, 347-сі жоғары оқу орындарының студенттері қатарынан тіркелген. Бұл жалпы орта беретін оқу орындарындағы студенттер санының 0,2% -ын құраса, жоғары оқу орындарындағы студенттердің 0,08%-ын құрайды.
8 млн-ға жуық қазақстандық вакцина алған
Бұдан бөлек, ведомство басшысы бүгінгі таңда вакцинаның 14,4 миллион дозасы қолданылғанын атап өтті. Оның айтуынша, 7 766 146 адам бірінші компонентпен вакцинацияланған. Бұл екпе егілетін халықтың 77,9%-ын құрайды. Екінші компонентті 6 756 266 адам алған. Бұл жалпы екпе алатын тұрғыннын 67,8%-ын қамтиды.
Сонымен бірге, Алексей Цой коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған азаматтардың саны бойынша ең көп алған өңірлерге тоқталып өтті.
«Елімізде Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы мен Шымкент қалалары вакцина салу бойынша алғашқы орындарда», - деді министр.
Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан келеді
Бұдан басқа, министр Қазақстанға Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасын жеткізу жоспарланғанын тілге тиек етті. Оның мәліметінше, Pfizer вакцинасын алу үшін соңғы келісімшартқа қол қойылған.
«Ақырғы келісімшартқа қол қойылды. 4 миллионға жуық дозаны жеткізу жоспарланып отыр. Жеткізілім күтілуде. Жақында төртінші тоқсанда аламыз деп ойлаймын», - деп толықтырды Алексей Цой.
Айта өтейік, Қазақстанда 6 қазандағы жағдай бойынша, COVID-19-дың оң нәтижесімен 896 162 науқас және КВИ-мен ауыратын 76 517 науқас тіркелді. КВИ-мен ауырған науқастардың 92%-ға жуығы емделіп шыққан.

-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет
-
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан
-
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі
-
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

