- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді
Бүгiн ҚР Денсаулық сақтау министрi Алексей Цой мен ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнiң төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде баспасөз мәжiлiсiн өткiзiп, елдегi санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және халықты КВИ-ға қарсы вакциналау барысы жөнiнде айтып бердi, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.
Министрлiктiң мәлiмемтiнше, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы он күннен берi жасыл аймақта тұр. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы жоғары эпидемиологиялық аймақта орналасқан. Сары аймақта үш өңiр, атап айтсақ Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Қалған 13 өңiр жасыл аймақта.
Мамыр айының басынан бастап ауру жұқтырғандар санының азайғаны байқалады. Маусымның 15 күнiнде мамыр айының сәйкес кезеңiмен салыстырғанда ауру деңгейi 1,7 есе төмендедi. Ағымдағы жылғы 16 маусымдағы жағдай бойынша, республикадағы инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 23%-ын, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 21%-ын құрайды. Соңғы айда стационарлық емделудегi науқастар саны 2,1 есеге, амбулаториялық емделуде 1,7 есеге азайды», - дедi министр.
Вакциналау барысы
Сонымен бiрге, министр сырқаттанушылық деңгейiн төмендетуге бағытталған негiзгi шаралардың бiрi вакциналау екенiн баса айтып өттi. Оның дерегiнше, 2021 жылдың ақпан айынан бастап өңiрлерге 6,2 млн-нан астам вакцинасы, оның iшiнде 3 млн доза I компонент және 1,6 млн доза «Спутник V» вакцинасының II компонентi, сонымен бiрге 100 мың доза «QazVac», 1 млн доза «Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell» вакцинасы (Синофарм), 500 мың доза «КоронаВак» вакцинасы (Синовак) жеткiзiлген.
«Бүгiнгi күнi вакцинаның 4,0 млн дозасы пайдаланылды, оның iшiнде бiрiншi компонентпен 2 587 884 адам егiлдi, бұл тиiстi халықтың 26%-ын құрайды. Екiншi компонентпен 1 480 309 адам қамтылды», - дедi Алексей Цой.
Оның айтуынша, егу пункттерiнде шамамен 1 млн 216 мың бiрiншi компонент және 1 млн 182 мың екiншi компонент бар.
Сонымен қатар, осы аптадан бастап Қытайда өндiрiлген КоронаВак вакцинасы халыққа да қолжетiмдi болатынын тiлге тиек еттi. Бұл 18 жастан асқан адамдарды вакциналауға арналған белсендi емес вакцина. Вакциналау кестесi 14-28 күн аралығындағы екi дозадан тұрады.
Отандық вакцина салдырғандар қай елдерге бара алады
Цойдың пайымынша, еңбек демалыстары қарсаңында ел iшiнде де, шетелдерде де халықтың қозғалыс қарқындылығы артады. Осыған байланысты Сыртқы iстер министрлiгi коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау паспортымен байланысты мәселе пысықтауда. Осылайша, қазiрдiң өзiнде Қазақстан Венгриямен, Таиландпен және Моңғолиямен өзара ынтымақтастыққа қол жеткiзiлген.
Сонымен бiрге, Алексей Цой коронавирустың бiрнеше мутациясы анықталғанын, болашақта да вирустың жаңа штамдары шығатынын еске салып өттi.
«Қазiр вирустың мутациялары көбейiп кеттi, Жақын күндерде жаңа штамдары әлi де артатыны сөзсiз. Сондықтан, бiз дайын болуымыз керек. Денсаулық сақтау жүйесi кез-келген қатерге жауап беру үшiн дайындық шараларын жасауы қажет», - дедi ол.
Ауыр зардаптардың алдын алу үшiн Денсаулық сақтау министрлiгiнiң басшысы халықтан тағы да ойлануды және дұрыс шешiм қабылдап, өз денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында вакцина алуға шақырды. .
«Өйткенi, вакциналау - вирустың таралуын азайтудың және туыстарымен, әрiптестерiмен, достарымен қауiпсiз қарым-қатынасқа оралудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, Қазақстанда ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейiн маскаларды кию, қашықтықты сақтау, антисептиктердi қолдану сияқты алдын алу шараларын сақтауды жалғастыру қажет», - дедi Алексей Цой.
Pfizer вакцинасы елге қашан жеткiзiледi
Сонымен қоса, министр американдық Pfizer вакцинасының елге жеткiзiлiмi туралы айтты. Оның айтуынша, қазiргi таңда келiссөздер жүрiп жатыр.
«Бiзде 4 вакцина бар. Төрт вакцина қазiрдiң өзiнде үлкен жетiстiк саналады, көптеген елдердiң арсеналында вакциналарды таңдау мүмкiндiгi жоқ. Бiз америкалық Pfizer вакцинасын өндiрушiлермен бiрнеше айдан берi келiссөз жүргiзiп келемiз. Барлық өндiрушiлермен кiммен сөйлессек те, құпиялылықты жария етпеу туралы келiсiмге қол қоямыз», - деп түсiндiрдi министр.
CoronaVac вакцинасының ерекшелiгi
Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлiгi Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнiң төрайымы Айжан Есмағамбетова қытайлық CoronaVac вакцинасының жеткiзiлiмi және оның коронавирусқа қарсы басқа вакциналардан айырмашылығына тоқталды. Оның мәлiметiнше, бүгiнде Қазақстанға 500 мың CoronaVac жеткiзiлген. Бүгiнде аталмыш вакцина барлық аймаққа жiберiлген.
«Осы аптада CoronaVac вакцинасымен егу барлық аймақ басталды. Бүгiнде CoronaVac вакцинасымен бүкiл ел бойынша 15 мыңға жуық адам алғашқы дозамен егiлген», - дедi ол.
Комитет төрайымының сөзiнше, CoronaVac вакцинасы QazVac, Hayat-Vax сияқты инактивтелген вакцина. Онда инактивтелген вирус қолданылады.
«Вакцинаның сақтау температурасы туралы айтатын болсақ, бұл бiрдей плюс 2-8. Вакцина екi дозадан тұрады. Дозалар арасындағы интервал 14-тен 28 күнге дейiн өзгередi. Егер сiзге CoronaVac вакцинасы салынса, сiз екiншi дозаның уақытын екi-төрт апта аралығындағы күндердiң бiрiн таңдай аласыз », - дедi Айжан Есмағамбетова.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы