- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді
Бүгін үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз айының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуінің баяулауы және Covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалатынын мәлімдеді. Оның мәліметінше, 1 тамыздан бастап СOVID-19-дың таралу индексі 9%-ға төмендеген, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Әлемдегі жағдай
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың дерегінше, әлемде 204 миллионнан астам КВИ жағдайы тіркелген, ал күніне 500 мыңнан астам адам вирус жұқтыруда, сондай-ақ 4,3 миллионнан астам адам қайтыс болған. Инфекция жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші Америкада – 78 миллионнан астам, Еуропада – 60 миллионнан астам, оңтүстік-шығыс Азия елдерінде – 38 милионнан астам, Шығыс Жерорта теңізі елдерінде – 12 милионнан астам тіркелген.
Соңғы аптада Жапонияда – 98%, Израильде – 75%, Әзірбайжанда – 69% аурудың ең көп өсуі байқалған.
Еліміздегі эпидахуал
Министрдің айтуынша, елімізде соңғы аптада коронавирусқа шалдыққандар саны 10% -ға артқан. Дельта штаммының анықталуына байланысты шілде айында сырқаттанушылықтың өсуі байқалған. Алайда, тамыз айының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі баяулаған және Covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалған.
Оның дерегінше, 1 тамыздан бастап СOVID-19-дың таралу индексі 9%-ға төмендеген.
«1,11-ден 1,01-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш 1-ден, ал Алматыда R саны 19 %-ға төмендеген», - деді министр.
Төсек-орын жүктемесі
Министрдің дерегінше, төсек-орын жүктемесі осы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша 328 медициналық нысанда 55 658 инфекциялық төсек-орынды құраған. Республикада төсек-орын жүктемесі 54 %-ды құраған.
«Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орын саны 4 969-ды құрайды, жүктеме 45%. Елдегі эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайға әзірленген тағы 7 419 инфекциялық төсек-орын бар», - деді министр.
Министр инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында – 69 %, Ақтөбе облысында – 65 %, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында - 63 % екенін атап өтті.
Вакциналау қарқыны
Министрдің мәлімдеуінше, өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Вакцинацияның тиімділігін бағалау барысында аурудың 99,9%-ы вакцина алмағандарға тиесілі екендігі анықталған. Ал вакцинациядан кейін ауырғандардың үлесі не бәрі 0,1 %-ды құраған.
«Бүгінде 5,9 млн адам 1 компонентпен егілді. Бұл екпе алуға тиісті халықтың 59 %-ын құрайды. 2 компонентті екпе алуға қажетті халықтың 45,2 %-ы шамамен 4,5 млн адам алды. Вакцинацияның 1-дозасымен ең төменгі қамту проценті Маңғыстау облысында байқалады», - деді Алексей Цой.
Министрдің дерегінше, екпе алмағандар арасында COVID-19-дан өлім-жітім үлесі 97,7 %-ды құрайды. Ал вакцинация алғандар арасында қайтыс болғандар 2,3 %-ды құраған.
«Коронавирустан болатын ауыр зардаптардың алдын алуда вакцинацияның тиімділігін тағы да дәлелдейді», - деді ол.

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

