• Басты
  • ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі

ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі

27 Қыркүйек, 2021 17:02

Денсаулық сақтау жүйесі екінші жыл қатарынан коронавирустық пандемиядан туындаған проблемаларға тап болды. Ол үшін жүйенің барлық ресурстары жұмылдырылған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Вируспен күреске 50 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды

Эпидемияға қарсы іс-шараларға 49 705 медицина қызметкері тартылған, резервте тағы 9 100 медицина қызметкері бар. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру 11 мың 800 маманға қамтамасыз етілді, өңірлерге 4 641 жас маман бөлінді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өсті. Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 173 мың теңгені құрады», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Дәрі-дәрмекпен қамтуға 6,27 млрд теңге жұмсалды

Медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша іркілістерге жол бермеу үшін біз жалпы сомасы 6,27 млрд.теңгеге COVID-19 науқастарын емдеу үшін ДЗ және МБ екі айлық қорын қалыптастырдық. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында 11 млрд. теңге сомасына ДЗ және МБ айлық стратегиялық қоры бар. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде ДЗ-ның 5 атауын, ыстықты түсіретін құралдарды және антикоагулянттарды қамтитын COVID-19 нозологиясы енгізілді.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияны анықтау бойынша зертханалық диагностиканың әлеуеті артты, ел бойынша ПТР-тестілеудің қуаты тәулігіне 126 мың зерттеуге дейін жеткізілген.

Төсек қоры

«Коронавирустық инфекцияның таралуының барлық қауіптерін ескере отырып, төсек қорының дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған инфекциялық төсектердің саны 53 мың 989 төсекті, реанимациялық - 4 мың 885 төсекті құрайды.

Сондай-ақ, жедел медициналық көмек қызметінің автокөлік паркі күшейтілді, бүгінде ол 2 521 бірлікті құрайды, үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың саны 3 мың 683-ке жетті, оның 49%-ы ауылда.

«Осының арқасында жедел медициналық жәрдем бригадаларының шақырту саны 2021 жылы 19,6% - ға қысқарып, айына 71 мың 085-ті құрады. Сәйкесінше, қызметке күндізгі жүктеме қысқарды, ол тәулігіне 2 мың 293 шақыртуды құрады», - деді А.Цой.

Шалғайдағы ауылдық елдімекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында біз қосымша 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алдық, олардың барлығы 149-ын құрайды. Олардың қызметтерімен 780,5 мың ауыл тұрғыны қамталады.

Барлық жаңалықтар