• Басты
  • ДСМ: «Биологиялық қауіпсіздік» заңы, медқызметтер тарифі және елдегі вакцинациялау мәселелері

ДСМ: «Биологиялық қауіпсіздік» заңы, медқызметтер тарифі және елдегі вакцинациялау мәселелері

1 Наурыз, 2021 12:02

Бүгін елордада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы мен 2021 жылғы жоспарға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында денсаулық саласын жетілдіру, вакцинациялау, «Биологиялық қауіпсіздік» туралы заңы, медициналық қызметтерге тариф, «Спутник V» және «QazCovid-in» вакцинасы мәселелері талқыға түсті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

6 миллионға жуық қазақстандыққа вакцина салынады

Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2022 жылға дейін елімізде шамамен 6 млн қазақстандық коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияланатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң бар.Бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайту және республикадағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етпек. Осылайша, оның мәліметінше, 2021 жылы 6 млн-нан астам адамды егуді жоспарланған.

Сонымен қоса, министр ресейлік «Спутник V» вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндіріліп жатыр.

«Отандық тауарды жеткізу бекітілген кестеге сәйкес, биыл 24 ақпанда басталды. Сонымен қатар, биыл сәуір айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген отандық «QazCovid-in» вакцинасын қолдану жоспарланып отыр», - деді Алексей Цой.

2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, профилактикалық егуге арналған вакцинаны тасымалдалдағанда салқын жерде сақтау мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді әзірленіп, бекітілген. 2 мыңнан астам медицина қызметкері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылған.

Сондай-ақ, министр Е-gov mobile «Вакцинация» және «Цифрлы құжаттар» қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы егілгендердің есебін жүргізу және иммундық жағдайды бақылау жоспарланғанын атап өтті. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі.

«Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды», - деді ол.

Министр оптимистік және шынайы болжамға сәйкес жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтықты сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантиндік шектеуге вакцинация ғана балама болатынын тағы бір еске салды.

«Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты, өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», - деді ведомство басшысы.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда басталды.

«Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң

Министрдің сөзінше, «Төтенше жағдай кезінде заманауи қорғаныс құралдарын енгізу және олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру арқылы биологиялық қорғайтын жүйелерді жетілдіру қажет болған. Осыған байланысты, 2021 жылы «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді.

Сонымен қоса, ҚР Денсаулық сақтау министрі 2020 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылғанын, сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің мәртебесі мен өкілеттігі артқанын атап өтті.

«Қызметті цифрландыру» тұжырымдамасы

Бұдан басқа, оның мәліметінше, қызмет инфрақұрылымын жаңғырту және елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 55 млрд теңгеге 2022–2025 жылдарға арналған қосымша қажеттілік есебі жүргізілді. Сонымен бірге, қызметті цифрландыру тұжырымдамасы әзірленіп, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

«Осы заңды іске асыру шеңберінде бақылау жүйесін жетілдіру үшін халық денсаулығын бағалау, талдау және болжау жүйесін дамыту, сондай-ақ қатерлер мен тәуекелдерге ден қою үшін 38 НҚА-ға түзетулер енгізу көзделіп отыр”, - деді министр.

54 ғимарат жөнделіп, 3 зертхана салынбақ

Сонымен қоса, министрдің дерегінше, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту үшін 2,9 млрд теңге сомасына 459 бірлік зертханалық жабдық және КВИ мен аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау үшін 12 бірлік мобильді кешен сатып алынған.

Ал, 2022-2024 жылдары комитеттің аймақтық бөлімшелерінің 54 ғимаратына жөндеу жүргізілмек.

«3 жаңа зертхана ғимаратын салу және Ұлттық сараптама орталығының 27 ғимаратын жөндеу жоспарланған. Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне 64 бірлік автокөлік сатып алынады», - деді Алексей Цой. 
Медқызметтерге тариф қайта жоспарланады

Алексей Цойдың мәлемітенші, медициналық қызметтерге арналған тарифтер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруды ескере отырып, қайта қаралмақ. Сонымен бірге, университеттік клиникалар үшін коэффициенттер, сондай-ақ өңірлермен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс үшін ҰО мен ҒЗИ үшін коэффициенттер әзірленбек.

Сондай-ақ, оның сөзінше, Сovid-19 жұқтырған науқастарды стационарда емдеуге және жазылып шыққандарға медициналық оңалту үшін жаңа тарифтер көзделгенін атап өтті. Бұл тарифтер төсекке және ауруханада болатын күндерге есептегенде стационарларда емделу шығыстарын төлеу бойынша жинақталған деректерді ескере отырып, клиникалық-шығын топтар қағидаты бойынша әзірленген. Сонымен қатар, мобильді бригадаларға және қашықтықтан консультацияларға тарифтер әзірленді.

«2021 жылы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек көрсетуге ақы төлеу әдістерін, сондай-ақ онкологиялық бейіндегі емделіп шыққан жағдайларды төлеу әдістерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады», - деді министр.

Сонымен қатар, Алексей Цой алғашқы медициналық-санитарлық көмекке тарифтерді белгілеу басталғанын атап өтті. Пациенттер жағдайының ауырлығын ескере отырып, кардиохирургия, миокард инфарктісі, инсульт, травматологиялық және инфекциялық аурулар бойынша тарифтерді пилоттық сынақтан өткізу жоспарланған.

«2021 жылы денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі құралдарын жаңарту мақсатында біз жол картасын іске асыру және 2020-2022 жылдарға арналған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тариф белгілеу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деп толықтырды ведомство басшысы.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі жеке қорғаныс құралдарына арналған шығыстарды өтеу жөнінде ұсыныстар әзірлемек. 

2020 жылы дәрігерлер жалақысы 30%-ға өсті

Министрдің айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі пысықталуда,

«Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», - деді А.Цой.

Денсаулық сақтау министрі мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салды.

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген. 2021 жылы-222 млрд теңге, 2022 жылы-362 млрд теңге, 2023 жылы-557 млрд теңге болмақ.

«2020 жылдың өзінде дәрігерлердің орташа жалақысы 30%, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өсті», - деді министр.

Сонымен өоса, Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша үкімет қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. Алексей Цой бұл мәселе ел басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Пандемияда медицина қызметкерлерінің жұмысы әлеуметтік тұрғыда өте маңызды екені белгілі болды, оған нақты адамдардың өмірі ғана емес, жалпы экономиканың тұрақтылығы да тәуелді», - деді А.Цой.

Еске салайық, коронавирус инфекциясы пандемиясы кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне ҚР Үкіметінің шешімімен материалдық қолдау көрсетілді. 3 тәуекел тобына 116 млрд теңге көлемінде үстемақы төленген. Үстемақымен қатар, мемлекет басшысының шешімі арқасында 9 мыңнан астам науқас медициналық көмек үшін  әлеуметтік төлем алды.

Барлық жаңалықтар