- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ: Қазақстан қызыл аймаққа еніп, шектеу шаралары күшейтілді
ДСМ: Қазақстан қызыл аймаққа еніп, шектеу шаралары күшейтілді
Елімізде 29 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 421 121 науқас және КВИ- 56 942 жағдай тіркелген. Соңғы аптада Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустық инфекциямен сырқаттану көрсеткіші 39%-ға артқан. Осыған байланысты елде бірқатар шектеу шарасы енгізілді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
Қазақстан қызыл аймақта
Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 182 миллионнан астам астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 309 мыңнан астам жағдай тіркелуде. Аурудан 3,9 миллионнан астам адам қайтыс болған.
Министр Алексей Цойдың мәліметінше, Қазақстан 26 маусымнан бастап қызыл аймаққа енген. Ауру асқынып, 5 өңір қызыл аймаққа өтті. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары. Қалған өңірлер сары және жасыл аймақта.
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында науқастардың саны 1,7 есе көбеюіне байланысты аурудың өсу көрсеткіші артқан. Бұл республика бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 43%-ын құра отыр.
Министрдің дерегінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 27%-ы қолданыста болса, жан сақтау бөліміндегі төсектердің 24%-ы пайдаланылып жатыр.
«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтандағы жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 65%-ы, жан сақтау бөліміндегілердің 74%-ы қолданыста. Ал, Алматыда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 32%-ы, жан сақтау бөліміндегілердің 31%-ы пайдаланылуда», - деді ол.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин шаралары күшейтілуде. Сондай-ақ, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында аталған өңірлердің жоғары эпидемиологиялық аймаққа немесе қызыл аймаққа көшуіне байланысты қосымша шектеу шаралары қабылданған.
Вакциналау қарқыны
«Елімізде кейінгі кезде вакциналау қарқыны артып келеді. Өткен аптада вакцина салдырғандардың саны 250 мың адамнан 405 мың адамға өскен. Біз вакциналаудың тиімділігіне талдау жасап көрдік. Сәуір айынан бастап маусымға дейін екпе алғандар санының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуі індет жұқтыру жағдайларын екі есе азайтқаны байқалады», - деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, осыған байланысты Дельта штамы анықталған күннің өзінде вакциналау эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды әсер етуде.
Министрдің сөзінше, бүгінге дейін қазақстандықтар 5,2 млн доза вакцинаны пайдаланған. Оның ішінде 1-компоненті бойынша 3 246 795 адам немесе тиісті халықтың 32,8%-ы екпе салдарған. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылған.
Өткен аптада вакциналау қарқыны 1,6 есеге, яғни 254 мыңнан 405 мыңға дейін өскен.
«Бүгінгі күні егу пункттерінде вакцина дозаларының жеткілікті саны бар: бірінші компоненттің шамамен 800 мың дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы. Вакциналарды аймақтарға жеткізу жалғасуда», - деп қорытындылады Алексей Цой.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау