- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағының мәліметі бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 36 елінде коронавирус жұқтырғандар саны артқаны байқалып отыр. Ал, Қазақстанда керісінше, ауырғандар саны бірнеше пайызға азайған. Толығырақ Stratgey2050.kz тілшісінің материалында.
Соңғы 14 күнде коронавирусты ең көп жұқтырғандар саны Венгрия, Австрия, Польша, Германия елдерінде тіркелген. ЕуроДДҰ-ның 14 елінде, соның ішінде Израильде 48%-ға, Молдовада 28%-ға, Қырғызстанда 23%-ға, Арменияда 24%-ға, Ұлыбританияда 18%-ға аурушаңдық деңгейінің көрсеткіші төмендеген. ҚР ДСМ-нің мәліметінше, Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 23%-ға азайған.
«222 мемлекетті қамтитын әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан аурушаңдық бойынша 105-орында, ал өлім-жітім бойынша 101-орында», - деді министр Цой үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда қызыл аймақта 2 облыс, атап айтсақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалған. Ал, 5 облыс – сары аймақта. Олардың қатарында Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қазақстан Республикасы аумағын қоса алғанда басқа 10 облыс жасыл аймақта орналасқан.
Жалпы, Алексей Цойдың дерегінше, Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық көрсеткіші 3,8 есеге, ал өлім көрсеткіші 2,4 есеге төмендеген.
Республикада 1 тамыздан бастап жұқпалы төсек орындарының жұмыспен қамтылу көрсеткіші 56%-дан 30%-ға, реанимация төсек-орындары 45%-дан 27%-ға азайған.
«Ем қабылдап жатқандар саны да азайып келеді, мәселен, соңғы үш айда науқастар саны 2,6 есеге (90 767-ден 34 068 науқасқа) азайды», - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, ол тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасып жатқанын атап өтті. 1-компонент бойынша 8,5 миллионнан астам адам егілген, ал екінші компонент бойынша 7,8 миллионға жуық адам екпе салдырған.
Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 379 мың доза көлеміндегі алғашқы партиясы жеткізілді. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға жоспарланған. Республиканың 7 облысында, яғни Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте екпе егу басталды.
Цойдың дерегінше, бүгінгі таңда 1313 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел егілген.
Оның айтуынша, аурушаңдық талдауы көрсеткендей, жағдайы ауыр науқастар мен ауырғандардың негізгі бөлігі – вакцина алмаған тұрғындар.
«Осы орайда тағы да халыққа үндеу тастап, әлі екпе алмаған азаматтарды екпеге қатысты дұрыс шешім қабылдауға шақырғым келеді. Бұл барлығымызға өз денсаулығымызды ғана емес, жақындарымыз бен әріптестеріміздің де денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді», - деді министр.
Айта кетейік, әлемде коронавирустың 254 миллионнан астам жағдайы тіркелді, тәулігіне 340 мыңнан астам адам жұқтыруда. Ал, 5 миллионнан астам адам қайтыс болды.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары