• Басты
  • Дональд Трамп Қ.Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады
26 Наурыз, 2020 12:33

Дональд Трамп Қ.Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады.

 


 Дональд Трамп Қ.Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

Құттықтау Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті деп басталады.

«Құрметті Президент мырза,

Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам.

Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің американдық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Дональд Трамп»,- делінген құттықтауда.

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100