• Басты
  • Doing Business: Қазақстан бірқатар индикаторлар бойынша өсім көрсетті
17 Қыркүйек, 2019 09:53

Doing Business: Қазақстан бірқатар индикаторлар бойынша өсім көрсетті

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі және басқа да рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсартқаны туралы Үкіметтің отырысында белгілі болды, деп хабарлады  Strategy2050.kz тілшісі.

Doing Business: Қазақстан бірқатар индикаторлар бойынша өсім көрсетті | Strategy2050.kz

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып өткендей, дүниежүзілік банктің  2018 жылғы есебіне сәйкес «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 28-ші орынды алды, рейтингте Испания (30 орын), Франция (32), Швейцария (38), Жапония (39) и Түркия (43) тәрізді елдерден озық шықты. 

   «Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде Қазақстан көшбасшы позициясында. Қазақстан келесі индикаторлар бойынша біршама өсім көрсетті «Халықаралық сауда» (+21), «Несиелер алу» (+17), «Құрылысқа рұқсат алу» (+17), «Кәсіпорындар ашу» (+5),«Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (+2), «Төлемге қабілетсіздікке рұқсат беру» (+2)», - деді ол.
Министрдің айтуынша, 2019 жылы 2 сәуірде бизнес климатты жақсарту үшін заңнамалық басьамалардың 7-ші пакеті қабылданды. 

«Қазіргі кезде реформаларды қарастыратын заңнамалық бастамалардың 8-ші пакеті әзірленді, атап айтқанда: Кәсіпорындарды ашу рәсімдерін оңтайландыру;Адал кәсіпкерлер презумпциясы мен «өтпелі кезең» тәжірибесін енгізу;Құрылысқа рұқсат алуды жеңілдету;Электрмен жабдықтау саласын жақсарту;Халықаралық сауданы дамыту», - деді ол. 
Қазақстанның өңірлері бөлінісінде, бизнесті жүргізу жағдайлары бойынша Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалалары көш бастап тұр. 

Р. Дәленовтың айтуынша, сауда және көлік инфрақұрылымының даму деңгейі Дүниежүзілік банктің LPI (Logistics Performance Index) рейтингімен өлшенеді. Индекс елдердің сауда логистикасын дамытудағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктерін айқындауға жәрдемдеседі. 

«Қазақстан бұл рейтингте 2018 жылдың қорытындысы бойынша 71-орынды иеленді. Еліміз 2025 жылға қарай топ-40 елдің қатарына кіруі қажет. Олар – Израиль, Исландия, Малайзия секілді елдер», — деді Р. Дәленов.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін Дүниежүзілік экономикалық форум есептейді. Бұл рейтингте Қазақстан 2018 жылдың қорытындысы бойынша 59-орынға ие болды. 2025 жылға қарай еліміз алғашқы 40 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл Италия, Эстония, Чили сияқты елдердің деңгейі.

«Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде кедендік ресімдеудің тиімділігін өлшейтін құрамдауышты ерекше атап өту керек. Бұл фактор бойынша Қазақстан 64-орында. 2025 жылға қарай алғашқы 40 елдің қатарына кіруіміз қажет. Бұл Израиль, Чехия, Чили сияқты елдердің деңгейі», — деді Р. Дәленов.
Бұдан өзге, ұлттық экономика министрінің айтуынша, инвесторлар білім беру деңгейіне ерекше назар аударады. Бұл орта және жоғары білім дайындығының деңгейі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің арасында негізгі индикатор «PISA» — білім алушыларды бағалау халықаралық бағдарламасы. Аталған рейтинг мектепте білім беру сапасын үш пән бойынша өлшейді: математика, жаратылыстану, оқу. Рейтинг әрбір 3 жылда қалыптастырылады. 2018 жылдың қорытындысы  бойынша рейтинг ағымдағы жылғы желтоқсан айында жарияланатын болады.

Р. Дәленовтың айтуынша, егемен кредиттік рейтингтер инвесторлар үшін барынша маңызды фактор болып табылады. Бұл рейтингтерді Standard&Poor’s, Moody’s и Fitch сияқты агенттіктер жасайды. Ағымдағы жылғы тамыз айында аталған рейтингтік агенттіктер өз рейтінгілерін растады (BBB-/Baa3/BBB). Бұл ретте  Moody’s «тұрақты» болжамын «позитивті» болжамына жақсартты.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның егемен кредиттік рейтингі бағалаудың «инвестициялық» санатына кіреді, бірақ тәуекел деңгейі  «орташа» деп сипатталады. 2025 жылға қарай елімізге тәуекел деңгейі төмен елдердің санатына ауысу қажет. Бұл А деңгейіндегі кредиттік рейтинг. Бұл топқа Чили, Жапония, Польша сияқты елдер кіреді», — деді Р. Дәленов.
Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр құрылыс жобаларын кешенді ведомстводан тыс сараптау құрамында жоблаарды экологиялық сараптау бойынша «бір терезе» қағидатын енгізу бойынша реформа жалғастырылғанын айтты.

«Құрылыс нысандарына барумен профилактикалық бақылау және қадағалау тәртібі реттелді.Қалалар үшін бірыңғай сәулет стилі ұғымы енгізілді. Техникалық шарттарды беру кезінде нысандардың эскиздік жобаларын, бас жоспарларын ЖАОда келісу кезінде керексіз келісулерді болдырмау үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу тәртібі реттелді. Тапсырыс берушіде жерге тиісті құжаты болған жағдайда ЖАО-ға қосымша шешім талап етуге тыйым салынады», - деді Р.Скляр.

 Сондай-ақ, сәулеттік жоспарлау тапсырмасымен, топографиясымен, техникалық шарттарымен жер телімдерін беруді қамтамасыз ету бар.

   «Міндетті сараптамадан біршама тәуекелі төмен құрылыс нысандарын алып тастау», - деді ол.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2018 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 12 фактордың 2-уінде ҚР БҒМ құзыретіне жататын индикатор бар екенін атап өтті.

«Білім беру бойынша рейтингтің төмендеуі ҚР кәсіпорындарының басшыларына сауалнама жүргізу негізінде есептелген көрсеткіштердің төмендеуімен байланысты», - деді ол.

Ал ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан 102 орында, өткен жылмен салыстырғанда 123 орыннан 21 позицияға көтерілгенін айтты.

«Индикатор тауарлар импортымен байланысты барлық уақытша және ақшалай шығындарды қамтиды  (рұқсат қағаздарын алуға, оформление кедендік құжаттамаға, тауарларды жүктеуге, тасымалдауға түсіру т.б.).Дүниежүзілік банктің «Сауда және көлік инфрақұрылымының дамушылығы (LPI)» рейтингінде Қазақстан 71 орында», - деді ол.
 Сонымен қатар, негізге факторлар:

-сауда және көлік инфрақұрылымының сапасы – 81 орын;

-халықаралық тасымалдарды ұйымдастыру жеңілдігі – 84 орын;

-кедендік және шекаралық бақылау тиімділігі – 65 орын; 

-жүктерді қадағалау мүмкіндігі – 83 орын.


Өз кезегінде, Премьер-Министр Асқар Мамин қазіргі кезде Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде әлемнің 190 елі арасында 28 орында, бұл жүргізілген реформалардың тиімділігін көрсететінін айтты.

Үкімет басшысы осы жылдың қазан айының соңына дейін бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту  бойынша сегізінші түзетулер топтамасын әзірлеуді тапсырды.

   «Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі орны мәселесі Үкіметтің Жобалық кеңсесінің тұрақты бақылауында болады», - деді А.Мамин.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды