• Басты
  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шекті мағынасын түсіне білуіміз керек – И.Дастан
26 Қыркүйек, 2019 16:05

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының шекті мағынасын түсіне білуіміз керек – И.Дастан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауына қатысты «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Исламбек Дастан өз пікірін білдірді, деп хабарлады  Strategy2050.kz.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының шекті мағынасын түсіне білуіміз керек – И.Дастан | Strategy2050.kz
«Президенттің жастар кадрлық резервін құру туралы бастамасы өте дұрыс. Әсіресе, талаптардың ішінде 35 жасқа дейін дегені бар. Сондай-ақ, 5 жыл еңбек өтілі болуы керек. Алайда, қынжылтатын «дүние» үлкен шенді ағалардан алуы керек ұсыныс. Бүгінгі таңда жастар мен үлкен буын ағалармен үзілген ұрпақтар сабақтастығының «ұзын сымы» бар», - деді И.Дастан.

Сондай-ақ, жас маман Жолдауда айтылған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы айтып берді.

«Аталған бағдарламаны кеңейтуді Президент өз Жолдауында тапсырды. Себебі, бұл бағдарламаның негізі ауылды елді-мекендерде жұмысшыларға қаржылай көмек көрсету болып табылады. Бағдарламаның атауы «Дипломмен ауылға» болса да, оның тереңдігі мен шекті мағынасын түсіне білуіміз керек. Ауылдық жерлерді дамытатын мамандар барса екен деген ниетіміз бар», - деді Исламбек Дастан.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында ««Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды  20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын» деген болатын.

   Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды