- Басты
- Жаңалықтар
- Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында салынған спорт кешенін өңір тұрғындарының игілігіне берді, деп хабарлады muftyat.kz .

Спорт кешенінің ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Маңғыстау облысының әкімі Серік Өтелгенұлы қатысты.
Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз өткен жылы 30 жылдық мерейтойымыздың аясында шалғай ауылдарға құдық, көпір, емхана, жол салуға үлес қостық. Осынау ізгі ісіміздің жалғасы ретінде бүгін спорт кешенін халық игілігіне беріп отырмыз. Мешіт, медресе салудың сауабы қандай үлкен болса, ел игілігі үшін берілген көпір, жол, емхана құдық, спорт кешені сынды ғимараттарды тұрғызу сондай қайырлы істің бірі. Осы іске үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын деймін. Біз мемлекеттің бұқаралық спортты дамытуға арналған бастамаларына үлес қосуды жалғастыра береміз. Өйткені жастардың жаны мен тән саулығы - маңызды мәселе. Оған үлес қосу – баршаға ортақ іс.
Ғалымдарымыз: «Атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру – созылмалы аурулардың бірден-бір дауасы» деген. Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Өйткені, ол – қуат. Дене қуаты, ой ұшқырлығы, иман қуаты – ер жігіттің көркемдігі», - деді.
Спорт кешенінің ашылу рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Серік Өтелгенұлы:
«Құрметті Бас мүфти! Сізбен осындай игі іс-шараның куәсі болғаныма қуаныштымын. Өзіңіз бастаған имамдар қайырымдылық жұмыстарға белсенді түрде атсалысуда. Сізге және барша дін қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Осы кешеннен мықты спортшылар шығуына тілектеспін» - деді.
Айта кетсек, спорт кешенінің жалпы аумағы – 1300 шаршы метр. Ғимарат халықаралық талаптарға сәйкес салынған.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді
-
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері
-
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар
-
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды
-
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті
-
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде
-
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты
-
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады
-
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді
-
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін

