• Басты
  • Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты

Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты

16 Шілде, 2021 13:08

2021 жылғы 13-15 шілде аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) Діни бостандықтың халықаралық саммиті өтті, деп хабарлады ҚР АҚДМ Дін істері комитеті.

АҚШ-тың халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясы оның басты ұйымдастырушысы, ал АҚШ конгресі тең төрағасы болды.

Аталған іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қатысты.

Саммит барысында Е. Нүкежанов Қазақстан елдегі конфессияаралық келісімді қолдауға және діндарлардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы салада АҚШ-пен әріптестікті дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Саммит аясында Е.Нукежанов іс-шараны ұйымдастырушылары АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық діни бостандық жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша бұрынғы елшісі Сэм Браунбекпен және Лантос адам құқықтары мен әділеттілік қорының президенті Катрина Лантос Свитпен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаменттің халықаралық діни бостандық басқармасының директоры Дэниэл Наделмен және АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Нури Тюркельмен келіссөздер жүргізілді.

Бұдан басқа, Дін істері комитеті мен АҚШ-тың «love Your Neighbor Community» үкіметтік емес ұйымы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум діни бірлестіктер өкілдері мен мемлекет арасында діни бостандықтарды іске асыру және адамның негізгі құқықтарын сақтау мәселелерінде диалогты жетілдіруге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар