• Басты
  • Димаш Құдайберген Нью-Йоркке концертін беруге барды
9 Желтоқсан, 2019 10:29

Димаш Құдайберген Нью-Йоркке концертін беруге барды


10 желтоқсанда Димаш Құдайберген аңызға айналған Barclays Center алаңында Arnau Tour ENVOY концертін береді. Джон Кеннеди атындағы әуежайда әншінің концерті үшін арнайы АҚШ, Австралия, Жапония, Мексика, Ресей, Чили, Болгария, Филиппин, Испания, Канада, Қазақстаннан келген жанкүйерлері күтіп тұр еді. Кумирін күтіп тұрып, жанкүйерлер Димашқа ерекше ұнайтын Andrea Bocelli-дің «Besame Mucho» әнін шырқады.
Димаш Құдайберген Нью-Йоркке концертін беруге барды


Аталмыш концерттік бағдарлама Димаштың 2019 жылы Нұр-Сұлтанда берген Arnau шоуының үздік сәттерін ұсынады.

Концертті АҚШ-тағы Қазақстанның мәдени күндері аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

           

Димаштың жетістіктері Қазақстанда ең жоғары деңгейде мойындалып қойған. Әнші осыған дейін 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы атынан мәдениет саласындағы шәкіртақыға ие болып, 2017 жылы «Астана Дарыны – 2017» сыйлығының «Танымал музыка» номианациясын алып, тағы басқа шыңдарды бағындырған.

Айта кетейік,Димаш Құдайберген – «Ұлттың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі» үшін Құрметті грамотасымен марапатталған. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы атынан мәдениет саласындағы шәкіртақыны иеленді. Димаш Құдайбергеннің дауыс диапазоны 6 октаваға ие. Сонымен қатар, әншінің дауысы бас ноталары мен фальцеттерді бағындыра алады. Димаштың тембрі – лирикалық тенор. Алғаш рет Димаш Витебсктегі «Славян базары – 2015» байқауында өзін танытып, әншілердің күрделі шығармашылық сайысының Бас жүлдесін жеңіп алған. Дәл сол жылы ол Ыстамбұлда өткен Халықаралық «ABU TV Song» Азия-Тынық мұхиты телефестивалінде Қазақстанның атын шығарды. Кейін 2017 жылы Димаш миллиондаған жанкүйерлердің жүрегіне жол тауып, қытай телевизиялық кәсіби әншілердің «I am a Singer» байқауы арқылы әлемдік атаққа ие болды.
 



ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды