- Басты
- Жаңалықтар
- Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды
Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды
Қазақстан онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Диляра Қайдарова коронавирустық індет уақытында онкологиясы бар науқастардың коронавирус жұқтырғаны туралы айтты. Осындай науқастарға ем-шара қалай жүргізілгені туралы Диляра Радикқызының Орталық коммуникациялар қызметінде берген сұхбатын Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.
Диляра Радикқызы, коронавирус жұқтырған онкологиясы бар науқастар ковид жұқтырған жағдайда екі ауруға да бірдей ем қабылдай ма?
Жоқ, науқас ковидтан толық айықпайынша, арнайы онкологидан ем-шара жасай алмаймыз. Химиятерапия жұқпалы дерт кезінде аса қауіпті. Егер онконауқас ковид ауруына шалдықса, ол барлық халықаралық стандарт бойынша емдеуді тоқтатады. Коронавирус жұқтырған науқасқа химиотерапия, сәулелік терапия және хирургиялық емдеу қабылдауға қатаң тыйым салынады. Бұл ауруды асқындырып жібереді. Науқаста коронавирустың жеңіл түрі болса, ол емханаға баруы керек немесе үйде 14 күн емделуі қажет. Содан кейін ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткенде ғана емдеуді жалғастыра алады. Біз емдеуді тоқтатпаймыз, бірақ тест нәтижесі теріс болу керек.
Пандемия кезінде онко-ауруханалардың жұмысында өзгерістер болған шығар?
20 шілдеден бастап барлық онко ауруларды емдейтін орталықтар штатты режимде жұмыс істеуді бастады. Пациенттер стационарда да, амбулаторияда да ем қабылдай алады. Дәрігерлер жеке қабылдау да өткізеді. Барлық науқастар міндетті түрде ПТР тест тапсырады. Коронавирус әлбетте біздің жұмысымызды өзгертіп жіберді. Жаңа жұмыс форматы қалыптасты. Онкологиялық ауруханада консультация алу үшін міндетті түрде коронавирусқа тест тапсырылады. Бұл сараптамадан бөлек, ВИЧ пен гапатит, биохимия, қан талдауы, ЭКГ, өкпе рентгені сияқты анализдер де бар. Мұның бәрін тұрғылықты жері бойынша емханада тапсыруға болады.
Жұмыс барысында коронавируспен ауырып жүрген онконауқастарды емдеу жағдайлары орын алды ма?
Бізде қазір мынадай алгоритм қалыптасты: егер біз науқасты ота жасауға алсақ, біз міндетті түрде өкпесіне компьютерлік томография жасаймыз. Кейде коронавирус ауру белгілерін көрсетпей өтеді. Бізге ПТР тесті теріс болып келген пациенттер болды. Алайда, сәулелі терапия басталғанда, пневмония бірден қозып кетті. Енді сондай жағдайларды болдырмау үшін біз ПТР тесттен бөлек пневмонияны анықтайтын компьютерлік томография жасаймыз.
Аймақтарда онкологиялық ауруханаларда дәрі-дәрмек мәселесі қалай болып жатыр?
Дәл қазір «СҚ Формация» арқылы онкопрепараттар дер кезінде алынып жатыр. Жазда аурудың таралуы қатты күшейгенде, «Бонефос» пен «Зомета» препараттары жетіспеді. «Помидронат» атты препаратты қолдануға тура келді. Дәл қазір республиканың барлық аймағында химиялы терапия мен сәулелі терапия жүргізуге арналған барлық препарат бар.
Пандемия кезінде қанша қазақстандық онконауқастар коронавирус жұқтырды? Өлім жағдайы болды ма?
Жалпы саны 2447 онконауқастың емін тоқтатуға мәжбүр болдық. 25 науқас өкінішке орай қайтыс болды. Коронавирустан 14 күндік ем алып жазылып шыққан науқастардың емін жалғастырдық. Біз емдеу шараларын доғармаймыз. Тек коронавирус кезінде арнайы онкологиялық емнен жағдайды ушықтырып алуымыз мүмкін. Сондықтан уақытша тоқтата тұрамыз.
Пандемия кезінде коронавируспен ауырмаған онкологиясы бар науқастардың емі қалай болды?
Олардың емі тоқтаған жоқ. Бұрынғыдай емес, онкоауруханаға кіру ережесі өзгеді. Санитарлық талаптарды күшейттік. Маскалы режим енгізіліп, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қатаң бақылауда. Қазірдің өзінде солай. Барлық науқастар ауруханаға жатқызылды. Ешкім ауруханаға жатудан бас тартқан жоқ. Олар сыртқа шықпай, артық адаммен байланысқа түспей ем қабылдап жатыр.
Диляра Радикқызы, сұхбатыңызға рақмет!
Фото: lada.kz
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті
Айнара Байжан