• Басты
  • «Digital Samruk» конференциясында Қазпошта бизнестің цифрлық инновацияларын ұсынды
18 Желтоқсан, 2019 16:50

«Digital Samruk» конференциясында Қазпошта бизнестің цифрлық инновацияларын ұсынды

«Digital Samruk» конференциясында Қазпошта бизнестің цифрлық инновацияларын ұсынды

«Соңғы 2 жыл ішінде біз өз бизнесімізді құрудың тәсілін өзгерттік және бүгінде біздің мақсатымыз бизнес-процестерді цифрландырып, Қазпоштаны өз жұмысында ең заманауи технологияларды қолданатын серпінді және инновациялық компанияға айналдырды деп сенімді түрде айта аламыз», - деді Сәкен Сәрсенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин, «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Ахметжан Есімов және Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке Қазпошта стендін таныстыру барысында.

Айта кету керек, бүгін Нұр-Сұлтанда «Цифрлық трансформация: ұлттық экономиканың өсу нүктелері» тақырыбында «Digital Samruk» конференциясы өтіп жатыр. Іс-шараға премьер-министр Асқар Мамин, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және Қордың қоржындық компанияларының жетекшілері қатысты.

Көрме аясында Қазпошта өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған мобильді бөлімін ұсынды. Әзірлеушілердің ойынша, мұндай бөлімді интернет желісі бар кез-келген ғимаратта орнатуға болады.

Бөлімшеде QR-код арқылы қолма-қол ақшамен немесе POS-терминал арқылы төлем жасау мүмкіндігі бар сәлемдемелерді жіберуге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар. Төлем аяқталғаннан кейін мекен-жай жапсырмасы басылып, пакет одан әрі жөнелтілу үшін поштаматқа салынады. Сондай-ақ, поштамат пошта жөнелтімдерін клиенттің өзіне алуға мүмкіндік береді. SMS арқылы клиентке жөнелтілімді алуға арналға код келеді. Поштаны жіберу және алу туралы нұсқаулықтар поштаматтың сенсорлық экранында қол жетімді. Қазіргі уақытта Компанияда 131 поштамат жұмыс істейді.

Kazpost төлем карталарын жедел алуға арналған эмбоссер финтех аймағында орналасқан.

Сонымен бірге, Қазпочштаның мобильдік бөлімшесінде Қазақстанда бұған дейін көрсетілмеген Tap to Phone төлем технологиясы ұсынылуда.

Tap to Phone мобильді эквайрингтің эволюциясын көрсетіп, NFC модулі бар смартфонға POS төлем терминалы болуға мүмкіндік береді. Tap to Phone технологиясы ең алдымен шағын және орта бизнеске арналған: енді төлемдерді қабылдау үшін қосымша құрылғылар сатып алудың қажеті жоқ, кәсіпкерлер NFC смартфонына транзакцияларды өңдеуге арналған қосымшаны орнатып байланыссыз банк карталары мен NFC қосымшасы бар құрылғылары арқылы төлем қабылдай алады. Бұл сервисті «Әлеуметтік карта» жобасында мектеп оқушыларының тамақтану ақысын төлеу, Қазпоштаның серіктес сауда нүктелеріндегі қызметтерге ақы төлеу, сәлемдемелердің жеткізу ақысын төлеу үшін пайдалану жоспарлануда. Қазіргі уақытта қосымша тестілеуден өтуде, 2020 жылдың наурыз айында ол коммерциялық пайдалануға беріледі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды