• Басты
  • Digital Bridge технологиялық форум аясында болашақта білім беру мәселесі талқыланады
14 Қазан, 2019 17:45

Digital Bridge технологиялық форум аясында болашақта білім беру мәселесі талқыланады

Қазақстанның астанасында 2019 жылдың 24-25 қазанында жыл сайынғы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді.  Форумның басты қатысушылары - IT-компаниялар, кәсіпкерлер, сарапшылар, инвесторлар, сондай-ақ мемлекеттік және корпоративтік секторлардың өкілдері.

 


Digital Bridge технологиялық форум аясында болашақта білім беру мәселесі талқыланады

Іс – шараның негізгі мақсаты-сандық даму саласында тәжірибе және инновациялық шешімдер алмасу үшін диалог алаңын ұйымдастыру.

 Форумда басты іс-шаралардың бірі «болашақтағы білім: технологиялардың білім беру жүйесін өзгертуі» панельдік сессиясы болады. Сарапшылар бүгін білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болып жатқанын және технологияны пайдалану саласының негізгі мәселелерін шешуге қалай көмектесетінін талқылайды. 

«Біз мамандарды даярлаудың бұрынғы үлгісі қазір жарамсыз екенін түсінеміз. Интернет пайда болғанға дейін өмір баяу жүрді. Егер бұрын инженерлерді 4 жыл оқытса, онда бұл білім маманға өмір бойы жететін болатын. Сондай-ақ дәрігерлер қауымын алатын болсақ, олар да өмір бойы бір ота жасап жүретін. Бірақ содан кейін интернет пайда болып, жаһандану үдерісі басталды, бұл ойын ережелерін түбегейлі өзгертті. Енді университетте бір ғана білім алу жеткіліксіз: кез-келген инженер мен дәрігердің кәсібінде үнемі өзгерістер орын алуда. Университетте алған білімді өз жұмысымызда қолдана алатынымыз заң емес. Тіпті 99,9% жаңа білім алуға, қайта даярлауға және іздеуге тура келеді. Сондықтан болашақ білімінің алғашқы тірегі - үздіксіз білім», - дейді білім беру саласының маманы, биотехнолог Дәмел Мектепбаева.

Astana Hub баспа-сөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылы форум қатысушылары үшін түрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырылады: болашақтың білімі, венчурлік қаржыландыру, киберспорт міселелері, бизнес-инкубация, сандық медиа. Мұнда қатысушылар арасында B2B кездесулер ұйымдастырылады.

Форум күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы Astana Hub Awards сыйлығы өтеді, ол Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі, сондай – ақ Astana Hub Battle - технологиялық стартаптар арасындағы жарыстар өтеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды