• Басты
  • Дэвис кубогінің алғашқы ойынын Михаил Кукушкин мен Робин Хас ашады
5 Наурыз, 2020 12:40

Дэвис кубогінің алғашқы ойынын Михаил Кукушкин мен Робин Хас ашады

Қазақстан мен Нидерланды арасында 6-7 наурызда өтетін Дэвис Кубогінің ресми баспасөз-фуршеті мен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Дэвис кубогінің алғашқы ойынын Михаил Кукушкин мен Робин Хас ашады

Елорданың Ұлттық теннис орталығында өтетін Дэвис кубогінің алдында команда құрамалары екі тараптың жеке құрамымен таныстырды. Шара барысында команда мүшелері естелік сыйлықтарымен алмасып, жеребе арқылы ойынды кім бастайтынын анықтады.

Жеребе бойынша Дэвис кубогінің алғашқы ойынын Михаил Кукушкин мен Робин Хас ашатын болды.

1e284631-f5af-4398-9129-61c777401a2a.jpg

Кейін команда құрамаларының қатысуымен баспасөз конференцияы өтті.

Нидерланды ойыншысы Робин хас осыған дейін Михаил Кукушкинмен екі рет ойнап,екі ойында да жеңіліс тапқан болатын.

"Михаил Кукушкин мықты ойыншы. Мен осы ойынға жақсы дайындықпен келдім деп ойлаймын",-деді Робин Хас.

9bf53d8a-b247-4297-867e-be1da8461c6d.jpg

Дәл осы сұраққа қазақстандық ойыншы Михаил Кукушкин былай жауап берді.

"Робин Хас әлемдік аренада танымал мықты ойыншы. Олар Мадридтегі ойынға қатысты реванш алғылары келеді. Менің осыған дейін екі рет жеңгенім ештеңе шешпейді деп ойлаймын. Олар осы жылы мықты дайындалып келді. Біз де елдің намысын қорғап отырғандықтан, жеңуге тырысатын боламыз",-деді Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Кукушкин. 

6fa80ecf-f13b-43b9-b43c-3f9d6158b8c5.jpg

Айта кетейік,екі күндік ойынның кестесі төмендегідей.

e5987e8e-f890-49d6-8b1a-bffcb2badfc2.jpg

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
3.219.31.204, 192.168.88.100