• Главная
  • Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті
24 августа, 2020 15:25

Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті

Бүгін елордада өткен «Antikor.Live» бағдарламасында экономика және денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері жөніндегі талдаушы және консультант Марат Мамаев денсаулық сақтау бюджеті ашықтығының мониторингі жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар ол халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге түсе алатыны жөнінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті
Денсаулық сақтау саласындағы бюджет ашықтығы

Марат Мамаевтың сөзінше, жуырда «Интегрити» тобымен бірге Денсаулық сақтау бюджетінің ашықтығы мен есептілігі жөніндегі жобамен жұмыс істеген. Осы жоба аясында бірлесіп мониторинг жүргізіп, ұсыныстар дайындаған.

«Мониторинг жүргізу кезінде біз денсаулық сақтау бюджетінің ашықтығын анықтау мақсатында барлық сайтты, деректер базасын, ашық дерекөздерді қарап шықтық. Біз бюджеттік құрылымдардың ашықтығы, қалай жүзеге асты, іске асыру барысында қандай да бір пікір ескерілдеі ме немесе ол сумманың қайдан шыққаны жөніндегі секілді аспектілерге мін бердік. Осылайша, медициналық сақтандыру қоры, денсаулық сақтау министрлігі, денсаулық сақтау басқарламаларының сонымен қатар Самұрық-Қазына Фармацияның, яғни бөджетті алуға қатысатын мекмелердің порталдарын қарадық», - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы мақұлданған республикалық бюджетке сәйкес, денсаулық сақтаудың бюджеті - 1,5 трлн теңге. Кейін олар сайттарға кіріп бұл қаржының қайда кетіп жатқандығы, қалай жұмсалып жатқандығы жөнінде, сондай-ақ сол уақытта жоспарланған қаржының қаншасы игерлгендігі жайында мәлімет іздеген. Ең қызығы, сайттарды ақтара келе «Азаматтық бюджет» деген презентация ғана салынған.

«Онда тек, мәселен, тегін мединалық қызмет көрсету деп бір ғана цифр көрсетіліп тұр. Есеп түрінде тек осы презентация ғана, ол тіпті типтік те емес. Осылайша, біз бюджеттің ашықтығы мен есептілігі біз қалағандай, біз көргіміз келгендей еместігін байқадық», - деді сарапшы.

Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстанда бір адамға қанша қаржы жұмсалатынын жалпы бюджетті тұрғындарға бөліп, орташа есебін табуға болады. Бірақ бұл дұрыс емес. Себебі бізде әр аймақ өзінің характеристикасына байланысты бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, оның айтуынша, 2018 жылғы дерекке сүйенсек, Алматы облысындағы медициналық қызмет үшін бір адамға жұмсалатын қаражат 45 мыңға жуық, ал астананың тұрғынына 159 мың теңге жұмсалады екен. Оның пайымымша, барлық медициналық инфраструктура елордада болғандықтан, осындай айырмашылық бар, яғни басқа аймақтардағы науқастар да астанаға келіп ем алады. Себебі ұлттық орталықтар, ғылыми орталықтар, сонымен қатар республикалық клиникалар бас қалада шоғырланған.

«Біз азаматтарға өздері тұратын аймақта ем ал деп айта алмаймыз, өйткені өзі емделетін орталықты таңдауға азаматтардың құқықығы бар. Керісінше, біз неге сол өңірлерді жоғары деңгейдегі медициналық қызметпен қамтамасыз ете алмаймыз деп сауал қоюымыз керек. Алматы облысы мен астананың денсаулық сақтау қызметін салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Бізде азаматтардың шыңыны бірдей емес, соны теңестіру қажет», - деді Марат Мамаев.

Денсаулық сақтау саласы табыс әкелетін салаға айналуы тиіс

«Осыдан бір жыл бұрын біз сараптама жүргізіп, ұсыныстар енгіздік. Денсаулық сақтау саласының дамуы тек мемлекет құйған қаржыға ғана емес, сонымен қатар жеке инвестияларға да байланысты. Қаншалық ақша көп құйылады, соншалықты инфраструктура мен адами капитал да дами түседі», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, медициналық технологияны дамыту қажет. Осы орайда денсаулық сақтау саласына деген көзқарасты өзгерту керек. Мәселен, денсаулық сақтау саласы қазір бюджеттен тек ақша алатын мекеме емес, керісінше табыс әкелетін салаға айналуы тиіс. Осы орайда қаржы қайдан келуі мүмкін деген сауалға жауап іздеп көрелік. Марат Мамаевтың сөзінше, олар оны қалай іске асыру керегі жөнінде ұсыныстар пакетін жасаған.

Біріншіден, қазір бюджетті бюджеттен тыс қор (медициналық сақтандыру) реттейді. Бұл қаражатты икемді басқаруға мүмкіндік беріп отыр.

«Мысалы, көрші елдерден бізге келіп емделген жағдайда, мысалы Ресейден, оның қаражатын ресейлік қор төлейтін болса, міне, осылайша медицинаны табыс әкелетін салаға айналдыруға болады. Сондықтан денсаулық сақтау саласында халықаралық келісімдерді күн тәртібіне қою керек. Көрші мемлекеттермен бірігіп жұмыс істейтін механизмдерді қолға алу қажет», - деді Мамаев.

Екіншіден, оның пайымдауынша, шетелдік науқастарға қызмет көрсетуге дайын медициналық ұйымдармен келісімге отырғызатын арнайы мекеме құрылуы керек. Оған бюджеттен арнайы ақша бөлудің қажеті жоқ. Нақтырақ айтсақ, бұл мемеме маргетингпен, шетелдік науқастарды тартумен айналысу керек.

«Мәселен, елімізде Корей елі медицинасының өкілдері өте көп. Олар құжатын да реттеп береді. Сен сол елге барып, тек медициналық көмек алып қайтасың. Неге бізге де шетелден клиент таппасқа? Бұл да еліміздің медицина саласына құйылатын қаржы болар еді», - деді сарапшы.

 

Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге түсе алады

Бұдан бөлек Марат Мамаев денсаулық сақтаудағы қазақстандық халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын салаларды атап өтті. Оның сөзінше, отандық стоматологтар басқа елдердің тіс дәрігерлерімен бәсекеге түсе алады. Көпшілік біздің стоматология өте қымбат деп шағымданғанымен, басқа елдермен салыстырғанда бізде өте арзан екенін айтты.

«Мәселен, Шығыс Еуропаны алсақ, сақтандыруы бір адам келді, қажетті көмекті алды және үлкен мөлшерді қаржы төледі, мысалы, пульпитті емдеу үшін. Мен басқа елдердің тұрғындары пульпит ауруын емдеу үшін ұшақпен Қазақстанға ұшып келсін демеймін. Бірақ, тұтастай алғанда, бізде стоматологтардың клиент пен қаржы тарта алатындай мүмкіндігі бар. Сұрақ технологияда, бір технологияны жеткізу үшін үлкен инвестициялық шығындар қажет. Бүгінгі таңда мемлекет технологиялардың негізгі инвесторы болып қала береді », - деді Марат Мамаев.

Оның пікірінше, қазақстандық медицинада басқа елдердің пациенттеріне қызмет көрсету арқылы ақша табуға болатын салалар бар. Тағы бір дамыған бағыт - ол кардиологиялық хирургия екенін тілге тиек етті.