• Басты
  • Денсаулық сақтау вице-министрі: Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде өкпе желдеткіш аппараттарын жыл соңына қарай жібереді
15 Шілде, 2020 13:39

Денсаулық сақтау вице-министрі: Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде өкпе желдеткіш аппараттарын жыл соңына қарай жібереді

ҚР Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице министрі Людмила Бюрабекова Қазақстанға келіп жатқан және Қазақстаннан өзге мемлекетке жіберілетін гуманитарлық көмек жайлы баяндайды. Вице-министрдің баяндамасынан негізгі ақпаратты Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан білуге болады.

Денсаулық сақтау вице-министрі: Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде өкпе желдеткіш аппараттарын жыл соңына қарай жібереді

Бәрімізге белгілі, «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибюторы гуманитарлық көмекті таратудың бірыңғай операторы болып таңдалған. Вице-министрдің айтуынша, шет мемлекеттерден келіп жатқан гуманитарлық көмек тиісті кедендік тексеруден өтіп, сапа және қауіпсіздік сертификатын алған соң бірыңғай дистрибютор оны Денсаулық сақтау басқармасына жібереді. Осы жерден көмекке келген дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар аймақтардағы ауруханаларға, медициналық ұйымдарға жіберіледі.

Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) портативті аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр деген ақпаратқа қатысты пкір білдірді.

Қазір қиын кезеңде барлық мемлекет бір-біріне көмектесіп жатыр. Біздің елге де басқа мемлекеттер гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Сондықтан, Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды желдету портативті аппаратын жыл соңына қарай жеткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл аппаратты науқастарды жедел жәрдем көлігімен тасымалдаған кезде пайдаланады. Аппараттар Ақмола облысында орналасқан отандық өнеркәсіпте шығарады. Қазір бұл өндіріс орны өнім көлемін ұлғайтты. Өкпені жасанды желдету аппаратынан бөлек, стационарда пайдаланылатын өкпені жасанды желдету аппаратын өндіруді жоспарлап отыр. Мұны түрік компаниясымен бірлесе шығармақ. Бұл өндіріс жақын уақытта жолға қойылады және жыл соңына дейін портативті аппараттармен қатар, ауруханалардағы науқастарды емдеуге қажетті стационарлық өкпені жасанды желдету аппаратының орнын толтырады, - деді Бюрабекова.

Осы брифингте Людмила Бюрабекова Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмекті кідіріссіз жеткізу туралы айтты.

Айтуынша, Үкімет сұранысқа ие препараттардың тапшылығын болдырмау үшін тиісті шаралардың бәрін қабылдап жатыр. Бөлшек саудаға шығарылатын дәрі-дәрмектерді жеткізу процедуралары жеңілдетілді.

«10 шілдеде Мәскеуден екі азаматтық бортпен жеткізілген 55 тонна дәрі коронавирустық инфекция мен пневмонияны емдеуге арналған препараттар бір айға жетеді. Олардың ішінде вирусқа қарсы және дене қызуын төмендететін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотиктер бар. Сонымен қатар, 150 мыңға жуық азитромицин, миллионға жуық цефтриаксон, 150 мың дана тамифлю, 50 мың арбидол және басқа да қажетті медициналық препараттар әкелінді. Дәрі-дәрмектер өңірлік дәріханаларға біркелкі үлестірілді. Осы аптада Үндістаннан ұшақ келеді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрілік заттарға деген сұранысты толықтай қанағаттандыру үшін мұндай шаралар ай сайын ұйымдастырылады», - деді Л. Бюрабекова.

Қазақстанның фармацевтикалық нарығы импортқа тәуелді болып табылады. Отандық өндірушінің үлесі небәрі 13%-ды құраған. Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы отандық медициналық препараттар өндірушілерді қолдау мақсатында құрылған еді.

Бюрабекованың мәліметінше, 10 жылға ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу арқылы Бірыңғай дистрибьютордың отандық өндірушілерден сатып алу көлемі бірнеше есеге артқан.

Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютордың номенклатурасының 50%-ы отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұрады, - деп есеп берді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Фото: ortcom.kz сайтынан

Барлық жаңалықтар