• Басты
  • Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар
2 Қыркүйек, 2020 12:44

Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында денсаулық сақтау саласына қатысты 11 міндетті белгілеген еді. Осы бойынша қабылданатын шаралармен ҚР Денсаулық министрі Алексей Цой таныстырды. Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар жөнінде Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар

CVID-19: Медқызметкерлерді қолдауға 150 млрд теңге қаржы бөлінді

Министрдің сөзінше, коронавирус инфекциясымен күресетін медицина қызметкерлерін материалдық ынталандыру мақсатында медициналық қызметкерлерге үстеме ақы төлеу 2020 жылдың соңына дейін жалғасады. Наурыз-шілде аралығында үш тәуекел тобына жалпы сомасы 59,6 млрд теңгеге ынталандыру төлемі жүргізілді. Оған қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Тиісті есептеулер Қаржы министрлігіне енгізілді деді министр.

 

Дәрігерлердің жалақысы артады

Мемлекет басшысы осы жылдан бастап дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиология саласындағы қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеріп, оларды 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақының екі еселенген деңгейіне жеткізу туралы міндет қойды.

2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында бұл шығындар қарастырылған.

247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтерудің жалпы құны 2021 жылы 222,3 миллиард теңгені, 2022 жылы 361,7 миллиард теңгені, 2023 жылы 557,5 миллиард теңгені құрайды.

 

Отандық фармацевтика саласын дамыту

Кеше Тоқаев барлық негізгі дәрі-дәрмек пен медицина бұйымының Қазақстанда өндірілуге тиіс екенін баса айтқан болатын. Осы орайда Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инновациялық даму министрлігімен бірлесіп, отандық фармацевтикалық және медициналық индустрияны халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту бойынша ұсыныстарды, тиімділігі дәлелденген дәрілік заттарға деген халықтың қажеттілігін ескеретінін айтты.

   

13 жаңа инфекциялық аурухана салынбақ

Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері 12 модульдік инфекциялық ауруханасының құрылысын бастау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қоса биыл қазан айында 1 аурухан пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұл жұмыс пандемияның екінші толқынына дайындық аясында жүргізіліп жатыр және ел тұрғындарына уақтылы және сапалы көмек көрсетеді. Сонымен қатар заманауи жабдықтармен жабдықталған 2700 төсек орналастырылады. Қаржыландыру жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы негізінде, сонымен бірге жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

 

Заманауи медициналық орталықтар салынады

2025 жылға қарай МЖС (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік) арқылы еліміздің аймақтарында 20 ірі заманауи медициналық орталықт құрылады. Бұл халықаралық сапа талаптарына сәйкес халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің барлық спектрін ұсынады. Сонымен қатар төсек-орын қорын 50% жаңартылуын қамтамасыз ететін көпсалалы ауруханалар. Оған шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылады.

«Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, біз осы жобаларды іске асыруға арналған «Turar Health» ұлттық операторын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын ұсынып отырмыз», - деді министр.

 

Көпсалалы ғылыми орталықтар ашылады

2021 жылы желтоқсанның соңына қарай астана мен Алматы қаласында әрқайсысы 500 төсек орыннан тұратын жұқпалы ауруларға арналған 2 көпсалалы ғылыми орталық салынады.

Бұл қазіргі және болуы мүмкін эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге уақытылы жауап беруге, ғылыми-техникалық әлеуетті шоғырландыруға, сондай-ақ елдің аймақтарында жұқпалы қауіпсіздікті сақтаудың әлемдік тәжірибесін таратуға мүмкіндік бермек.

 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру тәсілдері өзгереді

Мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау тапсырған еді. Осы орайда министрлік 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды қамтамасыз етуді жақсарту бойынша, оның ішінде бірінші кезекте ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігін жақсарту жөніндегі шараларды қамтитын тиісті жоспар әзірлейді.

«Біз фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың жұмысын қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарастырамыз және олардың материалдық-техникалық базасы мен кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаймыз», - деді Алексей Цой.

   

Көлік медицинасы

Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру тетіктерінің бірі алыс аймақтар үшін көлік медицинасын одан әрі дамыту болады.

Ауылдық елді мекендерге арналған автобустарға негізделген 100 жылжымалы медициналық кешендер сатып алынады. Қолжетімді паркін ескере отырып, облыстық ауруханалардың қажеттіліктері 100% жабылатын болады.

 

Заманауи жедел жәрдем көлігімен жабдықтау

2020 жылы жедел жәрдем қызметін «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы отандық өндірістегі заманауи жедел жәрдем көліктерімен жабдықтау жоспарланған. Барлығы 1167 бірлік жеткізіледі.

«Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы кеңсемен бірге медициналық ұйымдардың жабдықтары мен инфрақұрылымына кешенді аудит жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша үкіметке ұсыныстар енгізіліп, бюджеттік өтінім қалыптастырылады. Біз ауылдық денсаулық сақтау саласына (фельдшерлік акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаторияларды салу және жөндеу қажеттілігін анықтауға) ерекше назар аударамыз», - деді А.Цой.

 

Кадр дайындау

Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясаттың (10 жылға арналған) ұзақ мерзімді болжамы әзірленіп, сирек медициналық мамандықтар: эпидемиологтар, инфекционисттер, реаниматологтар, пульмонологтар, кардиологтар даярланады.

 

«Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО-ға квота саны 2021 жылдан бастап 7 есеге көбейтіледі.

Мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерінің санын қысқарту шеңберінде мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, министрлік тиісті шаралар қабылдамақ.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар