- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрі алғаш болып тұмауға қарсы екпе салдырды
Денсаулық сақтау министрі алғаш болып тұмауға қарсы екпе салдырды
Бүгін, 14 қыркүйек елімізде маусымдық тұмауға қарсы екпе салу басталды. Алғаш болып вакцина салдырған – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қалалық №6 емханасына әдеттегідей таңғы 8-ден бастап адам ағылды. Сараптама тапсыруға келген жүкті келіншектер, балалар, зейнеткерлермен бірге бүгін емханаға ҚР Бас дәрігері Алексей Цой да келді. Ол бірден егу кабинетіне бет алды. Еліміздің Денсаулық сақтау саласының басшысын емхананың басшылығы күтіп алды. Тұмауға қарсы вакцина «Гриппол+» деп аталады. Шығарушы: Ресей.
Жыл сайын күз мезгілінде ЖРВИ мен тұмау қоздырғышы күшейеді. Адамдар осы кезде көп ауырады. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2500 астам науқас зертханада анықталған тұмаумен ауырды. 284 033-і яғни басым бөлігі 14 жасқа толмаған балалар. Биыл әрбір қазақстандыққа вакцинациялану қажет. Өйткені қазіргі коронавирус індеті кезінде тұмау да өршуі мүмкін. Ол кезде елдегі жағдай тіпті күрделеніп кетуі ықтимал. Пандемияға байланысты вакцинациялауды жылдағыдан 2 апта бұрын бастадық, - деді Алксей Цой.Биыл тұмауға қарсы вакцинациялау 15 қарашаға дейін жалғасады. 2 млн адам бұл екпені тегін салдыра алады. Оларға балалар мен қарттар және әлеуметтік осал топқа жататын мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Бұл мөлшерге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген. Вакцина құрамында тұмаудың үш штаммы A(H3N2) A(H1N1) және B қарсы антиген бар. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласындағы 6 емханаға 7200 дозасын бөлді. Емханада 3500 бала, 3700 ересек, оның әшәнде 468 жүкті әйелді, диспансерлік есепте тұрған 2582 адам мен 65 жастан асқан 519 азаматты және 350 медицина қызметкерін вакцинациялау жоспарлануда.
Алексей Цойдың айтуынша, ол жыл сайын дәл осы емханаға келіп екпе салдырады екен.
Қазір Еуропа елдерінде коронавирус қайтадан таралып жатыр. Біздің елде жағдай тұрақталып келеді. Бірақ сонда да барлық шараны орындап, сақтануымыз керек. Вакцина алу маңызды! Оның бағасы қымбат емес. 2000 теңгенің айналасында. Қазақстан сатып алған вакцина қауіпсіз. Ол барлық стандарттарға сай келеді. Бұл вакцинаны 6 айлық балалардан бастап барлық адамға салуға болады, - деді Бас дәрігер.Цоймен бірге еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да келді. Журналистермен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап сөйлескен ол коронавирустың екінші толқынының болуы немесе болмауы әрқайсымызға тікелей байланысты екенін айтты. Журналистер жақында ғана Бурабайдағы мектептің ашылу салтанатында маскасыз фотоға түскен 250 адам туралы сұрақ қойды. Оның ішінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, BI Group басшысы Айдын Рахымбаева сияқты лауазымды тұлғалар бар. Бас санитар дәрігер бұған қатысты шара қолданатынын айтты.
Бұл туралы бізге білеміз. Тисті шара қабылданады. Заңды тұлғаларды да, жеке тұлғаларды да әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі бар. Бұл оқиғаға да осы Заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатын болады. Бізде заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасында шектеулер жоқ, - деді Есмағамбетова.Айдын Рахимбаев бұл туралы түсінік берген еді. Естелікке фотоға түсу кезінде 15 секундқа масканы шешіп, қайта кигендерін айтты. Барлық суретте министр Аймағамбетов медициналық бетпердесін шешпеген.
Өткен тәулікте коронавирус ауруының 77 жағдайы тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 30 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 - 14 қыркүйекке дейін: науқастар саны – 29 658, өлім жағдайлары - 328, барлығы 6 853 адам сауығып шықты. Қазір бұл инфекциядан 4 557 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 306 науқас жатыр. 2 251 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазір ел арасында қыркүйек айында карантин қайтадан күшіне енетіні туралы айтылып жатыр. Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова бұған жауап берді:
Мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына ғана сенулеріңізді сұраймын. Карантин жайлы қабылданған нақты шешім жоқ. Бәрін елдегі аурудың таралу көрсеткіші көрсетеді. Адамдар жиналып, өздері шешім қабылдап, оны ел ішіне таратып жіберетін ақпарат ресми емес, - деді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру

